Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап, аман қалды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кішкентай бала анасы үй шаруасымен айналысып жүргенде көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Десе де бала сау қалып, ауыр жарақат алмаған, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап, аман қалды

фото: ашық дереккөз

Оқиға орнына барған жедел жәрдем бригадасы баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Балаға жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды.

«Бір жарым жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Жедел жәрдем бөлмесінде кезекші травматолог, реаниматолог және хирургқа қаралып, томография жасалды. Диагноз: бас миының жарақаты, миының шайқалуы, беткей жарақаттары. Реанимация қажет емес, қарқынды терапия қажет емес. Бала есін жоғалтпады. Оны періштесі қаққан деуге болады. Бала төртінші қабаттан құласа да еш жері сынбаған», дейді облыстық балалар ауруханасының травматологы Ардақ Қабдылмаратов.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат 18 сәуір күні сағат 19:00 шамасында болған. Қазір дәрігерлер жалпы церебральды белгілерге байланысты баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше