Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 1 966 адамға мемлекеттен жалпы сомасы 638,8 миллион теңгеге жуық әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды

фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбееваның айтуынша, ақша тұрғындардың бүлінген мүлігін қалпына келтіру мақсатында бөлінді.

Ол аймақтағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат ұсынды. Мәселен, Ырғыз ауданында 81 үй су астында қалды. Қазір жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Белшер кентінде 90 дана қап төселіп, 30 тонна инертті материал әкелінді. Күйліс ауылында 150-ге жуық адам жұмыс істеп жүр, 9 бірлік техника жұмылдырылды, 310 дана қап төселді, 110 тонна инертті материал әкелінді. Жайсанбай ауылына 125 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды, 290 дана қапшық төселді, 110 тонна инертті материал әкелінді», деді Гүлбағда Көбеева ОКҚ брифингінде.