Пікір • 26 Сәуір, 2024

Ассамблеяның міндеті жүйелене түсті

43 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде тұрақтылықты, бірлікті сақтайтын институт­тың міндетін Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ассамблея – жасанды ұйым емес, ел бірлігін нақты жүзеге асыратын, конституциялық мәртебесі айқын қоғамдық орган.

Ассамблеяның міндеті жүйелене түсті

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазіргі кей өңірлердегі төтенше жағдайдан Ассам­блеяның әр мүшесі де шет қал­мады. Өңірлік штаб жасақ­талып, «Жүректен – жүрекке» арнайы науқанын бас­тады. 12 мыңнан астам еріктіні жұмылдырып, 80-нен астам жүк көлігімен 1,5 мың тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті. 40-қа жуық техника мен 770 миллионға жуық қаржылай жәрдем берді. Мұның барлығы – бүгінгі қиын кезеңде үлкен көмек.

Мемлекет басшысы Ассам­блея бұдан әрі де қайырымды­лық іс-шаралары­на белсенді қаты­су қажеттігін айтты. Парламент және мәслихат депутаттарымен қарым-қатынасын нығайтып, тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Бүгінде Ассамблея құрамын­да Сенаттың та, Мәжілістің де депутаттары бар. Олардың бірқатары – елге танымал қоғам қайраткері. Осы депутаттардың, сондай-ақ «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесінің» іс-әрекетін үйлестіріп, қоғамда көптеген істі жүзеге асыруға болатындығын көріп отыр­мыз және соған сенеміз.

Сессияның мақсаты – бірлікті, жасампаздықты нығайту және сол арқылы Ұлттық құрылтайда атап өткен құндылықтарды әрі қарай дамытып, еліміздің өркендеуіне, өрлеуіне үлес қосу.

Президент Ассамблеяның кешегі басқосуында «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» секілді тиімді құрылымдарды одан әрі нығайтуды тапсырды. Оған қоса Жастар Ассамблеясына да ерекше көңіл бөліп, оның да жұмысын ілгерілетуді жүктеді. Халықты бірлікке, қиындықты бірлесе еңсеруге шақырды.

 

Дамир БЕЛГІБАЕВ,

Қазақстан қоғамдық даму институты сарапшысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024