Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар Жылыой ауданында су басқан үйлерді техникалық тексеруден өткізіп жатыр. Ал Атырауда Жайық жағалауын нығайту жұмысы 96%-ға орындалды. Соңғы тәулікте Құлсарыда 77 үйде электрмен, 155 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: ser-per.kz

Спикердің айтуынша, 25 сәуірдегі жағдай бойынша Құлсары қаласында 3 мың 591 адам біржолғы материалдық көмек алған, залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 мың 523 өтініш қабылдаған, мүлікті техникалық тексеруге 40-тан астам маман тартылған.

Қазіргі уақытта шығарылған судың көлемі 1,8 млн текше метрді құрайды, 1 мың 710 жеке тұрғын үйден су кетті. Өткен тәулікте 100 үй мен 3 әлеуметтік нысанда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

«Жайық өзенінде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Оның 96%-ға жуығы атқарылды, яғни 521 км бөгеттің 500 км-ден астамы салынды», деді спикер.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024