Әлем • 26 Сәуір, 2024

Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Фото: pixabay.com

Ақылбек Жапаров ел Президенті Садыр Жапаровтың барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі уақтылы орындалуы тиіс екенін еске салды. Осы орайда ол Президенттің той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығы төңірегінде сөз қозғады.

 
«Егер бір жерде ысырапшылдық әрекеттерін байқасаңыз, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңдер», деді Ақылбек Жапаров.

Бұған дейін 24.kg басылымы жоғары аталған жарлыққа қол қойылғаны туралы хабарлаған еді. Онда діни рәсімдер мен басқа да іс-шаралар кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу қағидалары көрсетілген. Заңның мақсаты - Қырғызстан азаматтарының әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024