Талбесік • 26 Сәуір, 2024

Сәтімен өткен сенбілік

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда жалпы қалалық сенбілік өткізіліп, облыс орта­лы­ғы жайнап сала берді. Мұндай игі іс елді мекендерде де ұйым­дас­тырылды.

Сәтімен өткен сенбілік

Фото: freepik.com

Көгеріп көктем келген соң ауыл ай­мақ­тың маңын тазалап­ абаттандыру қолға алынатыны белгілі. Облыс орта­лы­ғындағы сәтімен өткен сен­бі­лікке мемлекеттік органдар, кәсіпорын мен ұйымдар және мекемелердің өкілдері белсене қатысты. Бір ғана «Тыныс» акцио­­нерлік қоғамы ұжымы 300-ден аса адам болып ортақ іске ат­­салысты. Қаланың кескін-ке­л­­беті, сәні мен салтанаты бар­­шаға ортақ. Сондықтан ауық-ауық осындай сенбіліктер ұйым­дас­тырылып тұрса құба-құп.

– Қала көркіне атсалысып жатырмыз. Біздің ұжымға Абы­лай хан даңғылының бойын таза­лау жүктелді. 70-тен аса адам жұмылып, бір адамдай еңбек еттік, – дейді «Көкшетау жылу» кәсіпорнының директоры Руслан Мақышев.

Тазалық жұмысына ком­му­нал­дық қызмет те тартылған. Олар мыңға жуық қап пен 200 кило әк дайындапты. 40-тан аса техника жұмылдырылған. 21 контейнер алаңы тазаланып, тұрмыстық қалдықтар полигонына 2,5 мың текше метр қоқыс шығарылған. Сенбілік барысында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолы, арықтардың іші қоқыстан арылды. Осы күні 4 мыңға жуық қала тұрғыны өздерінің сүйікті қаласының сәулетіне атсалысты.

 

Көкшетау