Аймақтар • 29 Сәуір, 2024

Жайықтың су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайықтың су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр

Фото: ТЖМ

«Тасқын ахуалының мониторингі дрон көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 км астам бөгет салынды. Құлсарыда су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы және мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су шығарылды», деді Асқар Шәріп.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштерінің бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылған.

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы аумағы 403 гектар су басқан жерлерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.