Өнер • 29 Сәуір, 2024

Танымал әнші қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаға тартылды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танымал әнші қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаға тартылды

Әлеуметтік желіде бұған дейін өнер иесінің соңғы концерттерінің біріінде балағат сөз айтқан видеосы тараған болатын.

Осы бейнежазбадан кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншіні жазалау керек десе, енді бірі кешіріммен қарау қажеттігін алға тартқан.

Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.