![Қарағандыдағы Костенко шахтасында өрт шығып, 190-дай кенші сыртқа шығарылды](/media/2023/11/12/300f8fed-3ac3-4fc2-9d1a-20399f82acd6.webp)
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түтінді өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр монтері Айбар Қосанов сөндірді.
"Шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі түтін туралы ескерту жүйесі қосымша іске қосылды. 19:45-те датчик сигналына байланысты түтіннің шығу себебі жойылса да, 194 кеншіні эвакуациялау туралы шешім шығарылды”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шықты, оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен бақылаушыларынан жеті жұмысшы орнында қалды.