Аймақтар • 08 Мамыр, 2024

Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылықтар «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясына белсенді қатысып жатыр. Өткен сенбіліктерде 5 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Мереке күні, 7 мамырда 100-ден астам адам Бұқпа өзенінің аумағын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды

Қатысушылар қатарында экологиялық қозғалыстың еріктілері, қала жастары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.

Олар бірлесіп өзен арнасының бір бөлігін тазалап, 300 қап қоқыс жинады.

А

«Бұқпа өзенін тазарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, болашақта біз оны жалғастырамыз. Сондай-ақ, бір ай бойы жалғасатын «Таза Қазақстан» акциясы барысында 5000 тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өткім келеді. Сенбілікке қаланың 10 мыңға жуық тұрғыны қатысты», дейді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ринат Қаржасбаев.

Экологиялық еріктілер қозғалысының жетекшісі Рахат Райымбеков қарағандылықтарды су ресурстарына ұқыпты қарауға, өзендер мен су айдындарын ластамауға шақырды.

«Таза су – біздің ортақ байлығымыз, оны қорғау қажет. «Өзендер мен көлдерді таза ұстай отырып, біз адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаймыз. Біздің әрқайсымыз қаланы осындай акцияларға қатысу арқылы қоқыссыз және таза ете аламыз. Қарағанды үшін таза тіршілік нәрі – «Мөлдір бұлақ» құрайық!», дейді Рахат Райымбеков.

«Таза Қазақстан» экоакциясының бесінші аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталып, бұлақтарды, өзендер мен көлдердің жағалау аймақтарын тазартуға арналған.