Фото: Getty Images
«Полиция қызметкерлері сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен мектеп оқушысын ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.