Фото: kaz.inform.kz
Мал мен құс бойынша ақпаратты алдын ала талдау нәтижесі әкімдіктер жұмысты тиімді жүргізбегенін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кейбір өңірде деректерді бұрмалау фактілері бар екенін айтты. Жуырда ветеринарлық инспекторлар екі облыстың жекелеген ауылдарын аралап, электронды жүйедегі ақпаратта нақты мал санынан 30-70% айырмашылық бар екенін анықтаған.
Кеңесте ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев сөз сөйледі. Палатаның мәліметінше, елімізде 2,2-2,5 млн литрге жуық сүт өндіріледі. Ал ресми статистика 2023 жылы сүт сауымы 6,3 млн тоннаны құрады.
«Шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін сапалы түрде өзектендіру қажет. Бұл – мал мен өсімдік шаруашылығындағы да статистиканы қалыптастырудың негізгі ақпарат көзі. Оларсыз ауыл шаруашылығын тиімді жоспарлап, дамыту мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әр өңір және аудан әкімдерімен шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін дұрыс толтыру мәселесін пысықтауды, ал әкімдіктерге деректерді электронды есепке алу жүйелерін өзектендіруді тапсырамын», деді С.Жұманғарин.