Аймақтар • 16 Мамыр, 2024

Алматыдан гуманитарлық көмек келді

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі – Құлсары қаласы. Жылыой ауданының орталығына Жем өзенінің арнасынан асқан судың кіргеніне бір айдан асты. Тасқын зардабын жою әлі жалғасып жатыр.

Алматыдан гуманитарлық көмек келді

Атырау облысының же­дел штабының мә­ліметінше, Құлса­рыдан Атырау, Ақтау қалалары мен «Теңіз» кенішіндегі эвакуация пункттеріне 36 738 тұрғын кө­шірілді. Тұрғындардың дені орал­ғанымен, әлі де 809 адам эва­куациялық пункттерде тұрып жатыр. Оның ішінде 371 адам «Теңіз» вахталық қалашығындағы эвакуациялық пунктте орна­ласқан. Көршілес Ақтау қала­сындағы эвакуациялық пункт­терге орналасқан 86 тұр­ғын тұр­ғылықты мекеніне әлі орал­маған. Ал Құлсары қала­сында ашылған эвакуация пункт­терінде 352 адам тұрып жатыр.

Құлсарыдағы тасқынға бай­ланысты күрделі жайт ел аза­маттарының бәрін алаңдатып отыр. Әр өңірден көмек қолын созып жатқандар бар. Кеше Атырауға Алматы қаласы мен Алматы облысынан жіберілген гуманитарлық көмек жеткізілді. Гуманитарлық көмек Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөнiндегi ұлттық комис­сия­ның бастамасымен жиналған.

Нақтылай айтқанда, қаражат пен қажетті заттардың жиналуына Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың мүшелері бас­тамашы болған. Оған қалалық және облыстық Жастар саясаты басқармаларының қызмет­керлері атсалысқан.

«Ел азаматтары Атырау об­лысындағы жағдайды жана­шыр­лықпен бақылап отыр. Ха­лықаралық Отбасы күніне орай жі­берілген гуманитарлық кө­мекте бірінші кезекте қолда­нылатын төсек-орын жаб­дық­тары, азық-түлік, меди­ци­налық препараттар мен жаңа киімдер бар», деді Аты­рау облысы әкімінің жа­нындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссияның бас инспекторы Зәмзагүл Жал­мурзина.

Оның айтуынша, өңірлік комиссия мүшелері мен әске­рилер гуманитарлық көмекті сұрыптайды. Мәселен, матрац, төсек-орын жиынтығы, көп­шік, жамылғы көрпе, сүлгі, гигиеналық заттар, азық-түлік, жаңа киім, шаруашылық және құ­рылысқа қажетті бұйымдар Құлсары қаласына жеткізіледі.

 

Атырау облысы