Үкімет • 17 Мамыр, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасыға үй берілді

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 17 мамырдағы есеп бойынша тасқыннан үйлеріне зақым келген 202 отбасыға жаңа үй берілді, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасыға үй берілді

Фото: kaz.inform.kz

Сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Үкіметтің мәліметінше, 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстарының барысы Үкіметтің қатаң бақылауына алынған.

шш