Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024

Рудныйда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі өлі күйінде табылды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рудныйда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі өлі күйінде табылды

Фото: Ашық дереккөз

Бірнеше күн бұрын Рудныйда автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 60 жастағы әйел көз жұмған еді. Автобусты басқарған ер адамның  денесі қайғылы оқиғаның ертеңіне табылған. Полицейлер бұл ақпаратты растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, пәтерден 62 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол өз-өзіне қол жұмсаған деп болжанған», деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.