Медицина • 10 Желтоқсан, 2024

МӘМС-тің медициналық ұйымдарға қояр талабы

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келер жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.

МӘМС-тің медициналық ұйымдарға қояр талабы

Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева тарқатып айтты.

«Енді Әлеуметтік медицина­лық сақ­тандыру қоры бес жыл бойы «Стационар жағ­да­йын­да маман­дан­дырылған медициналық көмек» түрі бойынша үздіксіз қызмет көр­сетуде тәжірибесі бар жет­кізу­шілермен ұзақмерзімді келісімшарт жасасады. Ол үшін жеткізушілердің денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе бірінші санатты аккредитация куәлігі болуға тиіс. Сонымен қатар банкроттық немесе таратылу процедурасына қатысы болмағаны жөн», деп түсіндірді С.Пономарева.

Яғни бұдан былай медици­налық қызметтер көлемін бөлу кезінде ұзақмерзімді келі­сімшарт жасалатын субъек­тілерге басымдық беріле­ді. Ден­саулық сақтау субъектісі өтінім беретін медициналық көмек түрлері немесе шарттары бойынша деректер базасын жыл сайын жаңартар кезде Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры олардың өндіріс­тік базаларын тексереді.

Сонымен қатар денсаулық сақтау субъектілерін көмек түрлері бойынша көлемдерді орна­ластыру рәсіміне кө­шіру­ге қатысты өзгерістер енгізіл­ді. Бұл қатарда қан орталық­тарының қызметтерін көрсе­ту, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация қыз­мет­терін көрсету, АИТВ жұқтырғандарға әлеуметтік-меди­циналық көмек көрсету, туберкулезбен ауыратын нау­қастарға әлеуметтік-ме­дици­налық көмек көрсету, психи­калық бұзылыстары бар адамдарға әлеуметтік-меди­циналық көмек көрсету қызметтері бар. Қор басшы­лығы жаңа субъектілерді, жаңа медициналық көмек түр­лері бойынша өтінім берген­дерді сапалы іріктеу мақса­тында аймақтық комиссия мүшелерінің медициналық ұйымдарды аралайтынын атап өтті. Медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін реттейтін өзгерістердің ішінде аймақтық, республикалық комиссия мүше­­леріне қойылатын білік­тілік талаптары да қарас­ты­рыл­ған.