Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024

Жамбыл облысында 41 жолаушы эвакуацияланды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Жуалы ауданы аумағында («Алматы-Ташкент» тас жолында) түнде жолаушылар автобусы бұзылып, тұрып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 41 жолаушы эвакуацияланды

Фотолар: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан маңайдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

ТЖМ

Көбі Ресей азаматтары болып табылатын жолаушылар басқа автобуспен жолын жалғастырып жатыр.