Спорт • 10 Желтоқсан, 2024

Командирдің жеңісі – көпке үлгі

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан ПД жедел қимылдайтын арнаулы отрядының командирі (ЖҚАО-СОБР), подполковник Самат Жантасов  Польшаның Миколуве қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 77 кг салмақ категориясы бойынша чемпион болып оралды, деп жазады Egemen.kz

Командирдің жеңісі – көпке үлгі

Сөйтіп бұдан жүз жыл бұрынғы Қажымұқан атасының ерлігін қайталап, Қазақстан туын көк аспанға көтерді.

Қарашаның 28-нен желтоқсанның 3-не дейін созылған чемпионатқа 15 елдің өкілдері қатысқан. Самат 3 айқас өткізіп, үшеуін де таза жеңді. Алдымен ол үнділік, сосын испандық қарсыластарымен шығып, екеуін де уақытынан бұрын жеңілуге мәжбүр етті. Финалда айқасқан белгиялықпен 5 минут табан тірескен айқас өткізіп, ақыры оны да ұпай санымен ұтты.

Самат Жантасов қазір 38 жаста, әріптестері одан әлі де биік нәтижелер күтеді. 2010 жылы ол Қазақстанның бетпе-бет айқастан өткізген чемпионатында жүлдегер болған. Ал 2016 және 2002 жылдары ол джиу джитси иен панкратионнан чемпионы болды. Талмай ізденіп, шәкірттерімен бірге қара тер болып жаттығатын ол ақыры өз өміріндегі әзіргі үлкен табысына қол жеткізіп отыр.

Елге оралған соң чемпионды ПД бастығы, генерал Айдын Қабұлдинов қабылдап, жеңісімен құттықтады. Оның жеңісі шәкірттеріне де және жасақ құрамындағы басқа жастарға да үлгі екенін атап өтті. Ол Самат Жантасовтан әлі де үлкен табыстар күтетінін және өзі басқаратын бөлімшенің де жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.