Мақалалар

Өзекті тақырыптар

Спорт • 17 Қаңтар, 2026

Жарыс күнделігі

Тау шаңғысынан Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің алып слалом сайысында Александра Скороходова алтыннан алқа тақты. Күміс, қола медальдарды канадалық Симона Сент-Пьер мен америкалық Ноэль Рот иеленді. Былтырғы қарашада Скороходова Финляндиядағы жарыста алдына жан салмай, желтоқсанда Италиядағы бәсекеде жүлдегерлер қатарына қосылған еді.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2026

Рухани тәрбие мектебі

Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы мешіт жанынан сауат ашу орталығы ашылды.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2026

«Ауыл аманатының» шапағаты

Жергілікті жерлерде кәсіпкерлікке ден қойып, белгілі бір іспен тыңғы­лықты шұғылданып жүр­ген адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жат­қан қолдау көп. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауыз толтырып айтуға болады.

Таным • 17 Қаңтар, 2026

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Есім кіре бастаған кезде байқағаным, біздің үй басқаларға қарағанда жүдеулеу тұрады екен. Ең алды­мен есігіміздің алдында мал тү­гілі, қора-қопсымыз да жо­ғын аң­ғардым. Оның себебін кейін білдім. Сөйтсем, әкем Қуа­нышбек Солты болыстың жал­ғыз ұлы, яғни байдың баласы болғаны әрі жарты әлемді кезіп, мұсылманша оқығаны үшін кеңес өкіметіне жақпай, оған өзге елдің тыңшысы деген жала жауыпты.

#Президент

Ел және Президент: Қауырт та жемісті жыл

Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткенін мәлімдеді. Telegram-дағы арнасында жазба жариялаған ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы атқарған жұмысына, еліміздің әр саладағы аяқ алысына шолу жасады. Оның айтуынша, осы жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды.

Президент • 31 Желтоқсан, 2025

Өндіріс өрісі кеңейген өңір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Президент бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездесті.

Президент • 26 Желтоқсан, 2025

#Руханият

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Нью-Делиде өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде қазақ әдебиетінің туындылары да таныстырылды. Үнді жұртшылығының назарына ұсынылған шығармалар түрлі жанрда топтастырылған.

Руханият • 14 Қаңтар, 2026

Оралхан арманы орындалып келеді

Өрнек ауылының тұсынан өткен сайын Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі ойға оралады. Тау бөктеріндегі ауылға жалғыз аяқ соқпақпен бұрымы қар сызып, Арай кетіп бара жатқандай көрінеді...

Руханият • 14 Қаңтар, 2026

#Спорт

Бейжіңде бақ сынайды

21-25 қаңтар аралығында Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» өтеді. Жарыста еліміздің атынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Олег Мельников, Софья Самоделкина, Амира Ирматова, Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы сынға түседі. Қосалқы құрамда Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов бар.

Спорт • 15 Қаңтар, 2026

Жарыс күнделігі

Түркияның Анталья қаласында өткен Яшар Доғу, Вехби Эмре, Хамит Каплан мемориалын еліміздің грек-рим күресі шеберлері төрт медальмен қорытындылады. Бағдат Сабаз (67 кг) бен Юсуф Ашрапов (72 кг) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Еркебұлан Ардақов (63 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) қола медальды еншіледі.

Спорт • 15 Қаңтар, 2026

Басқа жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Пікірлер
Яндекс.Метрика