Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
58 материал табылды

Қоғам • 15 Маусым, 2024

Тұлғаларды танытқан тілші

Астана қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде Қазақстанның құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабай­дың «Тұлғалар – ғажап жандар» атты жаңа кітабы­ның тұсаукесері өтті. Сал­танатты іс-шараға елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қоғам • 12 Маусым, 2024

Сезім себептері

«Құс табиғатына сай болуға ұшуы керек, балық жүзуі керек, ал адам сүюі керек. Сүюдің орнына қатыгездік танытса, адам құстың жүзгеніндей, балықтың ұшқанындай қисынсыз ғұмыр кешеді», дейді жазушы Лев Толстой.

Таным • 12 Маусым, 2024

Біздің «бүгініміз» бар ма?

Жақында академик Ғарифолла Есімнің «Бүгін» тақы­рыбындағы семинарына қатыстым. Ойшыл қоғамдық санадағы шамадан тыс жоспаршылдық үрдісін сынға алып, қазіргі уақыттың маңыздылығына мән бермей жатқанымыз хақында ой тарқатты.

Қоғам • 11 Маусым, 2024

Қаламгерлерді қолдау жобасы

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Мә­дениет және өнер саласының бә­секеге қабілеттілігін арттыру, мәдени мұра­ны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асы­­рудың тиім­ділігін арттыру» бағы­тын­дағы мемлекеттік тап­сы­рыспен стратегиялық әріп­­тес­тікті іске асыру бо­йын­­ша жа­риялаған конкурс­та «Қа­зақстан Жазушылар одағы» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лес­тігі қалам­герлерге арналған үш жоба­ның жеңімпазы атанды.

Таным • 11 Маусым, 2024

Сен кімсің, Войцек?

Ол жерден таппағанын көктен іздеді. Ай дегені – айғыз айна, күн дегені күбіртке күкірт екен. Жұлдыз дегені – жыпырлаған қоңыз, шындық дегені өтірікке барабар аңыз екен. Қайда барып құтылмақ? Аяулы тұрақ, баянды жұмақ жер бар ма екен жалғанда? Қайдан болсын... Өзі жалған саналса, сыя ма оның ішіне ардан туған ақиқат? Са­наңа салмақ, жүрегіңе жүк түсі­ре­тін осындай зілмауыр сұрақ­тармен ұжданыңды тергеп, ұятыңды таразылайтын Г.Бюх­нердің «Войцек» қойылымы Қ.Қуа­ныш­баев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында сахналанды.

Көрме • 07 Маусым, 2024

Да Винчи картинасы – Астанада!

Елімізде алғаш рет атақты Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды. Жаһанның жауһар мұрасы Астанаға Мәде­ниет және ақпарат министрлігі, Италияның Астанадағы елшілігі, Алматы қаласын­дағы Италия мәдениет институты, «ForteBank», «Mastercard» және «Scripta Maneant» баспасының ыждағатымен әкелінді. Оны ұлттық музейдің иммерсивті залына орналастырды. Ендеше, көзбен көріп, көңілмен түйгенімізді байыппен баяндайық.

Мәдениет • 06 Маусым, 2024

Пикассоның «Герникасы»

Оның шығармаларынан үйлесім үлгісін табу қиын. Сұлулық сипаттары да анық аңғарылмайды. Қисапсыз қиындылардың қисынсыз қиюласуы көзге қораш, көңілге оғаш көрінуі мүмкін. Тіпті шатасқан шалдуардың шатпағы дерсіз. Бірақ Пикассоның дәл осы «ұсқынсыз» туындылары – кескін өнерінің кесек туындылары болып бағаланады. Себебі бұл да эстетиканың бір категориясы.

Таным • 05 Маусым, 2024

Венециядағы «Жерұйық»

Адриад арнасынан ат суарған Аттиладай, елімізден аттанған көркем өнер керуені исі итальян жұртшылығын тәнті етті. Әлем туындыгерлерінің ең танымал форумдарының бірі, тәуелсіз қазылар арқылы бағаланып, екі жылда бір рет өткізілетін халықаралық өнер көрмесі Венеция биенналесі деп аталады. Ондағы көпшілік назарына Қазақстан павильоны тұңғыш рет ұсынылды. Көрмеге Кәміл Моллашев, Ерболат Төлепбай, Сергей Маслов бастаған бейнелеу өнерінің беделді өкілдерінің бедерлі жұмыстары қойылды.

Қоғам • 04 Маусым, 2024

«Ақа, қолыңызды көтеріңіз!»

«...Қарттыққа қылар қайран жоқ. «Ағам» дейтін інілер көп болғанмен, «інім» дейтін ағалар азайып барады. Ең өкініштісі – осы. Университет алаңындағы Сейдімбековпен серуенімді қайтіп ұмытайын?». Әңгіменің әлқамын Тұрсын Жұртбай осылай бастады. Сәлем бере барған үш студент аға қаламгерді құлақ қақпай тыңдап отырмыз.

Абай • 30 Мамыр, 2024

Абай және Сыдық Мұхамеджанов

Бұл не өзі? Мынау ән қайда тартып барады? Қара құрдым... Түпсіз терең тұңғиыққа түсіп барамын. Ол менің, мен оның ішінде. Кішкентай баланың қолындағы тиек секілдімін. Әлемет ән мені домбыраның ойығынан өткізіп, ішіне тастап жіберіпті. Ал екі шегі... Екі шегі фәни мен бақи арасындағы қақпаның екі босағасы екен. Ән шумақтары көңіл күмбезімде күңірене күңгірлеп тұр: «Жарқ етпес қара көңілім, не қылсада...»