Сарапшылар
Құнсыздану һәм құрылымдық реформа
Инфляциясы жоғары, еңбек өнімділігінің өсімі төмен дамушы елдерде валютаның құнсыздануы ұдайы болады. Сол себепті, қазіргі экономикада 500 және 600, тіпті 700 деген бағамды көріп отыра беруіміз мүмкін. Бұл – уақыттың еншісіндегі шаруа.
24 Желтоқсан, 2024
Тұрғын үй кодексі – бірегей мүмкіндік
2020 жылдан бастап елімізде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұл заң бойынша тұрғын үй кооперативтері (ТҮК) орнына мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестіктер құрыла бастады. МИБ тек бір үйді басқарса, ТҮК бірнеше үйдің қаражатын ортақ есепшотта жинақтайды. МИБ арқылы тұрғындар өз үйлерінің қаражатын бақылап, жөндеу жұмыстарына қаржы жинауға мүмкіндік алды. Бірақ көпқабатты тұрғын үйлердегі заңдық мәселелер әлі бір ізге түскен жоқ. Бұған елімізде әлі күнге тұрғын үй кодексінің қабылданбауы да себеп болып отыр.
11 Желтоқсан, 2024
Трамп таяу арада Ресейге баруы мүмкін - сарапшы
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, арадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келуді талқылауы мүмкін. Бұл туралы Түркия елінің саясаттанушысы Энгин Өзер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
ІЖӨ: іркіліс пен миллиардтық меже
Ел экономикасының алдында ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) екі еселеу – 220 млрд доллардан (2022 жылғы ІЖӨ) 450 млрд долларға дейін көбейту міндеті тұр. Макроэкономикалық заңдылықтардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз, ендеше бірнеше қызықты есептеу жасап көруге болады. 2023 жылы теңге бағамы 456 болып тұрған кезде ІЖӨ 263 млрд доллар болды. 2029 жылдың соңына дейін 6 жыл бар және АҚШ-та инфляция орташа 2% болып тұрғанда ІЖӨ инфляция есебінен 12,6%-ға дейін немесе шамамен 33 млрд долларға дейін көбейеді (яғни 296 млрд долларға дейін). Әрі қарай нақты өсім ықпалы болуға тиіс.
12 Қараша, 2024
Мұнай өндірісін болжау биыл да өз-өзін ақтамады. Энергетика министрі «Көлем 88 млн тоннадан көп, бірақ біз жоспарлаған 90,5 млн тоннадан кем» деді. Министрліктің жыл басында өндіру көлемін асыра айтып, жыл соңына таман сол межеге жете алмай, түсіруге мәжбүр болып отырғаны бір бұл емес. Сондықтан ведомство мұнай өндірісін болжау тәсілін өзгертуге тиіс деп санаймын.
06 Қараша, 2024
Үлкен қалаларда, әсіресе мегаполистерде жаңа тұрғын үй саны көбейіп келе жатыр. Сәулеті мен сәні асқан баспана ғимараттары алыстан көз арбайды. Заманға сай тұрмыстық қажеттіліктерді ескеру де жүйелене түскен.
13 Қыркүйек, 2024
Қағаздағы жобаға қашанғы телміреміз?
Президент Жолдауда мұнай және газ саласындағы бірқатар түйткілді мәселені көтерді. «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды деп мәлімдеді. Жобаның жедел бітуінің себебі – Өзбекстанның газға деген мұқтаждығы. 2022 жылға дейін газды экспорттап келген ел 2022 жылдан бастап Ресейден импорттай бастады. Сол үшін Өзбекстаннан Ресейге газ жөнелтетін құбырға реверс жасап, газ Ресейден Өзбекстанға келетіндей етіп істелді.
07 Қыркүйек, 2024
Күз – өзгерістер маусымы. Тамыз біте салысымен экономикамызда да тың бастамалар пайда болады деп үміттенетініміз белгілі. Өйткені шешімін күтіп тұрған түйткілдер баршылық. Соның алғашқысы әрі маңыздысы – мемлекеттік бюджеттің жайы.
29 Тамыз, 2024
Қарыз ауыртпалығын қайтіп жоямыз?
Халықтың қарыз ауыртпалығы туралы әртүрлі пікір естіп жүрміз. Қаржы институттары «бізде қарыз проблемасы жоқ» дейді. Олар бұл пікірді ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) несие қарызы үлесімен дәйектегісі келеді. Шын мәнінде бізде қарыз мәселесі бар. Бар болғанда қандай, кейбір сегментте ол шектен шығып кетті.
23 Тамыз, 2024
Таяуда мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Бұл алғаш рет қабылданып отырған жоспар емес. Осыған дейін бірнеше рет мұнай-газ саласын дамытуға қатысты тұжырымдама жарияланды. Соңғы ұсынылған концепцияның негізгі мақсаты – 2014-2017 жылдар аралығында үш мұнай өңдеу зауытын да модернизациялауға бағытталған еді.
21 Тамыз, 2024
Ұлттық қордан аударылатын аударымдар азайған тұста теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір-екі айдың ішінде 480-ге дейін әлсіреп кеткенін бәріміз көрдік. Доллар бағамы сабасына түскенмен, жағдай мәз емес. Дәл қазір теңге бағамынан да маңызды проблема жетеді. Ең бірінші кезекте 2025 жылға дейінгі бюджет тапшылығының қалай шешілетінін ойлауымыз керек.
07 Тамыз, 2024
Пәтерді жөндеуге қаржыны қайдан аламыз?
– Биыл іске қосылған «Отау» және «Наурыз» ипотекалық бағдарламалары бойынша пәтердің жөндеу жұмысына қажетті қаржыны да банк арқылы рәсімдеуге болады. Мұның тәртібі қандай? Ипотекалық бағдарламалар аясында жөндеу жұмысына қажет қаражатты бөлек рәсімдеу керек пе?
06 Тамыз, 2024
Халыққа тиімді салық жүйесі керек
Сындарлы диалог тек сынды ғана емес, белгілі бір бастамаларды қолдау мен келісімді де қамтиды. Бірақ ұнамсыз болса да, дұрыс шешімдерді атап көрсету керектігін ұмытпауымыз керек. Мысалы, салық саясатына байланысты айтылып жатқан кейбір ұсыныстармен келісуге болады. Атап айтқанда, екі биржаның салық жеңілдіктерін біріктіріп, дивидендке 5 пайыз көлемінде бірыңғай салық енгізуді дұрыс қадам деп айтар едік.
18 Шілде, 2024
Мегаполис тұрғындарын үнемі мазалайтын, олардың жайлы өміріне әсер ететін жағдайдың бірі – автокөлік тұрағының тапшылығы. Жүргізушілер орын таппаған соң, көлікті жол жиегінде қалдырып кетуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде апат қаупінің артуына, кептелістің туындауына алып келеді. Бұл – қалалардың бәріне ортақ проблема.
12 Шілде, 2024
Макроэкономикалық көрсеткіш неге төмен?
Созылмалы сырқат секілді бір құбылыс бар, ол – макроэкономикалық көрсеткіштердің (ішкі жалпы өнім, халықтың табысы, тұтынуы) бір кезеңде көп бағытта қозғалуы. Нарықтық экономикасы орнықты елдерде бұл көрсеткіштер бір бағытта дамиды. Егер ІЖӨ өссе, бұл көрсеткіш біршама реттеледі. ІЖӨ төмендесе, онда көрсеткіштердің мәні де төмендейді.
20 Маусым, 2024
Қазір жеке тұлға үшін банкрот атану біршама жеңілдетілді. Мемлекет азаматтардың қарыз жүктемесін шешу мақсатында осындай қадамға барған болатын. Әрине, тәуекелі көп қадам. Соған қарамастан көпшілік жаппай банкрот атануға кірісіп те кеткен сыңайлы. Бірақ қарыздан оңай құтылудың зардабы да жоқ емес. Әсіресе баспана алу кезінде.
30 Мамыр, 2024
АЭС-ті кімге салдырған тиімді?
Егер еліміз атом электр стансасын саламыз деп шешсе, онда ең абзалы француз тәжірибесін пайдалануға болар еді. Оған себеп көп. Бірінші кезекте ойға оралатыны – оның тарихы. Францияның ядролық энергетикамен қарым-қатынасы тым ерте қалыптасты. Оны сонау Анри Беккерел, Пьер және Мария Кюримен байланыстырып қарай аламыз.
28 Мамыр, 2024
Сәуір айының соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға сапармен барды. ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен 3 сағат, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 35 минут сөйлесті. Мемлекеттік хатшы сауданы бұрмалайтын және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін Бейжіңнің нарықтық емес экономикалық саясаты мен тәжірибесіне тоқталды.
15 Мамыр, 2024
Ұлттық қуат пен ұлттық күштің астарында тығыз байланыс бар. Қуатты және аса қуатты елдер өз күшіне сеніп, әлсіз елдерге қарсы әскери, экономикалық және ақпараттық ықпал жасайды. Қуатты мемлекеттердің тағы бір синонимі – держава. Державаларда келесі ұрпақ алдында аса жауапты, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, осы жолда мойнына алған міндеттерді тиянақты орындау қабілеті болады. Басқаша айтқанда, әлемде держава мәртебесін иеленген мемлекеттерде басқа елдердің қолынан іс-қимылдарды жасау қабілеті бар.
26 Сәуір, 2024
Инвесторды ауыстырғаннан не ұтамыз?
Соңғы кезде еліміздегі үш алпауыт мұнай-газ кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтың белгілі бір үлесін сатып алу үшін ресейлік инвесторлардың Батыс бұғаттап тастаған миллиардтаған долларды пайдалануы туралы сөз қозғала бастады. Бұл әрине, аса күмәнді әрі қауіпті ұсыныс, десе де мәселеге сәл тереңнен үңіліп көрейік.
09 Сәуір, 2024