Пікірлер
Халықтың қолдауының арқасында еліміз жаңа кезеңге қадам басып, конституциялық реформаның негізінде әділетті Қазақстанды құруға кірісті. Саяси жаңғырудың экономикалық негіздері жасалып, реформалар кешенді сипатқа ие болып, ол түбегейлі өзгерістерге ұласып келеді..
Кеше
«Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегенді баяғыда айтып кеткен ата-бабаларымызды нағыз дала данышпандары дерсіз. Бір ғана сөйлемге байланған тоқтам өз жақындарына залымдық, әлімжеттік көрсететін кісәпірлердің әлмисақтан болғанын айғақтамай ма? Кісәпір демекші, ілгері заманда қалтаға түсетін ұрыларды осылай атаған екен. Ал бұл заманда өз отбасына кесірін тигізіп, тағдырын тас-талқан еткендерді кісәпір демей, кім дейміз?
26 Наурыз, 2024
Әр жылдың Наурызында ел тарихының жаңа бір парағы ашылып, өткен мен бүгіннің парқын айқындауымызды – әділеттіктің жөні деп қабылдаймыз. Байсалды бабаларымыз «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деген тілегін үйлесімділік Иесіне бағыштағаны анық.
22 Наурыз, 2024
Бұйырса, бүгін Ұлық Ұлыс немесе Алтын Орданың әз шаһары Сарайшық жұртында – Атырауда Ұлттық құрылтай үшінші жиынының секциялар жұмысы басталады. Ертеде Жайық ағыны қатты, айдыны шалқар Ұлы Су аталыпты. Араб саяхатшысы Әбу әт-Тәнжи яки Ибн Батутта: «Дүниеде Бағдаттан кейін жүзбелі көпірді осы Сарайшықтан көрдім. Отыз сарайы, төрт мешіті көз жауын алады» деп жазыпты. Осы шаһар қорымында Мөңке Темір, Тоқта хан, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шаһ Мамай, Жүсіп хан сынды жеті қағанның сүйегі бақилық мекенін тапқан. Мұны пантеон десек те болады. Сарайшық – биыл 800 жылдығы аталып өтіп жатқан Жошы ұлысының осы өңірдегі Сарай Бату мен Сарай Беркеден кейінгі үшінші ірі орталығы.
14 Наурыз, 2024
Көкірегінде махаббат пен мейірім мәңгі ұялаған ардақты аналардың, аяулы қыз-келіншектердің төл мерекесі – миллиондаған адамның жанын жайдары шуаққа, жақсы мұратқа бөлейтін шұғылалы мейрам. Қарлы, қыраулы қыстан кейін бүкіл жаратылыс атаулыға жан бітіретін көгілдір көктем келеді. Сол көркем көктем ең алдымен аналардың жүрек жылуынан, ыстық ықыласынан бастау алады, көбеңсіп қалған көңілдерде қуаныш пен шаттықтың туын көтереді, сана-сезімді серпілтіп, ақ тілектердің тиегін ағытады.
07 Наурыз, 2024
Биыл қаңтарда Мэриленд университетінің экономисі Томас Дрексель Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) басшысына жасалатын саяси қысымға қатысты зерттеу жасап, 1933 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықтағы (Рузвельттен Обамаға дейін) АҚШ президенттерінің ФРЖ өкілдерімен өзара кездесу саны мен сағаттары туралы деректерді жинап шыққан. Сонда 83 жыл ішінде Президенттердің ФРЖ өкілімен 800 рет кездескені анықталыпты. Әрине, Томас Дрексель бұл үшін аз тер төккен жоқ – 83 жылдағы бүкіл президенттің күнделікті жұмыс кестесі бойынша архив дерегін түгел ақтарған. Айтпағымыз Томастың төзімі туралы емес, әлбетте.
26 Ақпан, 2024
Қазақтың талантты әншісі Рамазан Стамғазиев орындайтын «Дариға, дәурен» әнінің сөзін жазған ақын Несіпбек Айтұлының: «Мен – әнге сөз жазуға қорқа-қорқа келген адаммын. Себебі әннің сөзі өте кірпияз. Бір мысқал артық не кем кетуге болмайды. Оған нысананы көздегендей дәлдік керек. Демек, шебердің шебері ғана баратын іс», дегені бар еді. Абай атамыз айтқандай, «Әннің де естісі бар, есері бар». Өкініштісі, қазір ессіз, мәнсіз, мағынасыз ән көбейді. Ой салатын, жүрекке жететін, сөзі мен сазы қабысып, әдемі үйлесім тапқан ән тыңдау арманға айналып барады...
26 Ақпан, 2024
Жаһандану үдерісінің халықаралық қаржы айналымы жүйесіне бірден-бір ықпалы өзара байланысқан өндіріс жүйесінің негізіне қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдік инвесторларды белсенді тарту, ұлттық экономика үшін халықаралық инвестицияны арттыру туралы айтты.
22 Ақпан, 2024
Бүгінгі таңда балдырғандардың зейінін ашып, зердесін дамытатын арнаулы орталықтар көптеп көзге ұшырайды. Бұл, әрине, сұранысқа сәйкес қалыптасып отырған ахуал екені анық. Бірақ осындай орындарға балаларын жетектеп апарып жүрген жас отбасылар дәстүрлі тәрбие тетігі – ата-әже институтын ескере бермейтіндей көрінеді.
21 Ақпан, 2024
Ұлы ойшыл, ғұлама әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы деген» екен. Осыған қарағанда, білімнің өзегі – тәрбие екені анық. Яғни күллі адам баласына ортақ жақсы қасиеттерді жас буынның толық бойына сіңірмей тұрып, берген білім қураған ағаш сияқты ешқашан жеміс бермейді.
14 Ақпан, 2024
Маркстің «Адамды адам еткен – еңбек» тұжырымдамасына күліп қарайтын жаңа буын пайда болғалы телегей табысқа жетудің бір кепілі: «Мұратқа тек білім мен технология арқылы қол жеткізе алады» қағидасы омыраулап алға озып шықты. Өткен ғасырларда зауыт пен фабриканың өнеркәсіптен мануфактураны ығыстырып шығарғаны сияқты күнделікті жасап жүрген үй тіршілігіндегі қарапайым шаруаны технология жетістігі алмастыра бастағалы екі білекті түріп тастап жасайтын үйдегі қол еңбегі де екінші орынға өз-өзінен сырғып барады.
13 Ақпан, 2024
Басына бұлт үйіріліп, несие ноқтасын киген борышкерлердің үлесі басым тұрғанда қоғам әрі-сәрі күй кешеді. Бүгінде осы жағдай жұртшылықтың еңсесін басып тұр. Алмақтың салмағын көтере алмай күйреп кеткен пенде қаншама?
06 Ақпан, 2024
Ұлт баспасөзі тарихтың түрлі сынынан өтіп, қалыптасып, дамып, кемелденді. Бүгінгі БАҚ жаңалық пен ақпаратты халыққа жеткізу пішіні, мазмұны, амалы, т.б. кәсіби шарттары жөнінен көп өзгерді. Мамандар технология мен инновация қарқынына ілесуге тырысып-ақ келеді. Сала сарапшылары әлем мен ұлт талғамын, сұранымын ескеріп, тез жетілуді ұсынады.
01 Ақпан, 2024
Бала күнімізде араларында үріп ауызға салғандай сүйкімді бес бірдей ұл-қызы, оқыған-тоқыған, қызметі бар ерлі-зайыптылар ажырасқанда ақылға сыйғыза алмай, аңтарылғанымыз есімізде. Ол заманда ілуде біреу болмаса, екінің бірі оңайлықпен ажыраса салмайтын. Оның үстіне ересек адамдардың арасында түрлі келіспеушілік, дүрдараздық аздай көрінетін.
31 Қаңтар, 2024
Кейінгі жылдары айналамызда – туған-туыс, дос-жаран, әріптестер мен құрбы-құрдастар арасында шетелге кету, уақытша жұмысқа тұрып, ақша табу, тіпті біржола қоныс аудару туралы әңгімелер жиі айтылып жүр. Шыны керек, бұл ұсынысты құр талқылап қана қоймай, тәуекелге бел буып, шетел асып кеткендері де аз емес.
25 Қаңтар, 2024
Ұсыну – бізден, ойлану – сізден
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ауыздықтаудың бір тетігі – жазаны барынша қатаңдату екені көп айтылып жүр. Дегенмен, кейбір сарапшылар басқаша пікірде. Олар жазаны күшейту басқа қылмыстарға тоқтам салуға пәрменді амал болса да, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қолдануда тиімсіз екенін айтады.
24 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің бірнеше беделді халықаралық ұйымға, оның ішінде Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ететінін айтты. Ал бұл қордың құрылуы оңай болмағаны басы-қасында орындаушы қызметін атқарған бізге аян. 1991-1994 жылдары Президент аппараты мен министрлер кабинетінде экология және табиғатты пайдалану бөлімі болды, онда меңгерушілік қызметін атқарған едім. Сол жылдары көптеген ауқымды жұмыс атқарылды. Соның бірі – Арал проблемасын әлемге таныту, инвестиция тарту болды.
21 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» басылымына берген сұхбатында: «Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы тиіс. Қарамағымда қызмет істейтін азаматтардың маған емес, Әділетті Қазақстанды құру идеясына адалдығы әлдеқайда маңызды», деп қоғамға әділдік һәм адалдық қағидатын орнатудың маңызын алға тартқан еді.
18 Қаңтар, 2024
Жаңа жыл басталғалы бері қара басына жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен такси жүргізушілерінің мобильді аударымдардан бас тартуы жұртты әбігерге салып отыр. Қандай да бір қызмет түрімен күнелтіп жүрген отандастарымыз табысын түгел тартып алатындай күй кешіп жатыр. Ал осының бәрі де білмегендіктен, жаңа талапты толық түсінбегендіктен туындап жатқаны аян.
14 Қаңтар, 2024
Кейінгі жылдары елімізге алыс-жақын шетелдерден түрлі әншілер жиі келе бастады. Бір жағынан қуантарлық жаңалық. Енді ше, бұрынғыдай емес шартараптың түкпір-түкпіріндегі өнер иелері Қазақ елін тани бастады деген сөз.
04 Қаңтар, 2024