Пікірлер .
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері күн тәртібінен түспей келе жатқан толғақты тақырыптың бірі – тіл мәселесі. Мемлекет құраушы елдің ана тілі, құнарлы да қасиетті қазақ тілінің есіктегі басын төрге шығару жөніндегі талқы, текетірес, мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында батыл, еркін қолданып, аясын кеңейту жолындағы күрес әлі күнге толастар емес.
31 Наурыз, 2024
Көкірегінде махаббат пен мейірім мәңгі ұялаған ардақты аналардың, аяулы қыз-келіншектердің төл мерекесі – миллиондаған адамның жанын жайдары шуаққа, жақсы мұратқа бөлейтін шұғылалы мейрам. Қарлы, қыраулы қыстан кейін бүкіл жаратылыс атаулыға жан бітіретін көгілдір көктем келеді. Сол көркем көктем ең алдымен аналардың жүрек жылуынан, ыстық ықыласынан бастау алады, көбеңсіп қалған көңілдерде қуаныш пен шаттықтың туын көтереді, сана-сезімді серпілтіп, ақ тілектердің тиегін ағытады.
07 Наурыз, 2024