Газет тарихы
«Қазақ газеттері» ЖШС
Бас директоры – Дихан Қамзабекұлы
«Егемен Қазақстан» газетінің қысқаша тарихы
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым – «Egemen Qazaqstan» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газеттің бір күндік тиражы - 80 мың, апталық тиражы - 400 мың, интернет нұсқасының күндік қаралымы - 40-50 мың, апталық қаралымы - 300 мың.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы бар.
17 облыста және Шымкент қаласында меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Газетте жалпы 90 адам жұмыспен қамтылған.
Газетті 1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған басшылар
Халел МҰХАМЕТЖАНҰЛЫ (1892-1938) – (07.1919-02.1920)
Тәмимдар САФИЕВ (1892-1975) – (02.1920-04.1920)
Бернияз КҮЛЕЙҰЛЫ (1899-1923) – (04.1920-10.1920)
Смағұл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933) – (01.1921-02.1921) (01.1925-04.1926).
Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫ (1889-1931) – (02.1921-10.1921).
Мұхтар ӘУЕЗОВ (1897-1961) – (11.1921-12-1921)
Әбдірахман БАЙДІЛДИН (1891-1931) – (01.1922)
Бейімбет МАЙЛИН (1894-1939) – (1922)
Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1939) – (1922-04.1924)
Молдағали ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ (1887-1938) – (04.1924 – 12.1924)
Тұрар РЫСҚҰЛҰЛЫ (1894-1938) – (04.1926-06.1926)
Ораз ҚИҚЫМҰЛЫ (1889-1938) – (06.1924-07.1926)
Ораз ЖАНҰЗАҚҰЛЫ (1899-1938) – (07.1926-08.1926)
Ғаббас СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1937) — (08.1925 – 05.1932 )
Айтмұхамед МУСИН (1899-1938) — (06.1932-03.1934)
Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1984) – (03.1934-05.1936)
Жанайдар СӘДУАҚАСҰЛЫ (1898-1938) — (06.1936-09.1936)
Жүсіпбек АРЫСТАНҰЛЫ (1904-1992) — (06.1937-06.1938)
Сақтаған БӘЙІШҰЛЫ (1909-1982) – (09.1938 -12.1941)
Әмір ҚАНАПИН (1913-1998) – (01.1941-11.1942)
Балтабек АСАНОВ (1907-1979) — (1942-1949)
Қасым ШӘРІПҰЛЫ (1912-1984) — (03.1949-12.1951) (08.1955-09.1960)
Қабыл БЕКМҰРАТОВ (1914-1980) — (12.1951-1952)
Ғұмар АҚҚҰЛОВ (1912-1957) — (1952-1955)
Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995) — (1960-1969)
Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973) – (1969-1973)
Сапар БАЙЖАНҰЛЫ (1930-1999) – (11.1973-02.1983)
Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ (1929-1995) – (04.1983-01.1987)
Көрік ДҮЙСЕЕВ (1936-2007) — (01.1987-11.1989)
Шерхан МҰРТАЗА (1932-2018) – (11.1989-10.1992)
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ (1939-2015) – (10.1992-01.1993)
Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947) — (10.1993-07.1996)
Уәлихан ҚАЛИЖАН (1948) — (07.1996-12.1998)
Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018) – (12.1998-12.2000) (2003-2004)
Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951) – (2000-2003) (2004-04.2016)
Еркін ҚЫДЫР (1962) — (04.2016-07.2016)
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (1974) — (07.2016-09.2022)
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ (1966)—(09.2022)
Президент ЖЕЭК-тің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Президент • Бүгін, 17:45
Баку әуежайы бір минут үнсіздік сақтады
Әлем • Бүгін, 17:15
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды
Балалар • Бүгін, 16:54
Ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының есімдері жарияланды
Оқиға • Бүгін, 16:15
Премьер-министр есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:06
Баку әуежайына ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған стенд қойылды
Әлем • Бүгін, 15:45
Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти лауазымына қайта сайланды
Қоғам • Бүгін, 15:30
Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы пайда болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Биыл ауыл мектептерінің бірі заманауи физика зертханасымен жабдықталды
Мектеп • Бүгін, 15:00
Ұшақ апаты: Ақтаулықтар қан тапсыру үшін кезекке тұрды
Оқиға • Бүгін, 14:45
Жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады - Мәулен Әшімбаев
Сенат • Бүгін, 14:35
Астанада перинаталдық орталық салынады
Медицина • Бүгін, 13:40
Сенат Төрағасы Палатаның жылдық жұмысын қорытындылады
Сенат • Бүгін, 13:18
Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды
Үкімет • Бүгін, 12:50
ШҚО-да әкімдік балалар үйінің түлегін баспанадан айырған
Оқиға • Бүгін, 12:47
Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:33
Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды
Оқиға • Бүгін, 12:18
Ұшақ апаты: Зардап шеккендердің жағдайы қалай
Оқиға • Бүгін, 12:09
Жақып Хайрушев: Жылу желілерінің тозуы жоғары деңгейде қалып отыр
Сұхбат • Бүгін, 12:05
Ұшақ апатына ұшыраған тоғыз ресейлік Мәскеуге аттанды
Аймақтар • Бүгін, 11:59