Суреттер

Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды

Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы жеке концерттерімен қатар, 12-17 қараша аралығында «JULDYZ» көрмесі өтті. Экспозицияда суретші Punktgeläut әншінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындыларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

50 реткөрсетілді

Құстардың қимылын қалт жібермейді

Атырауда тұратын Филипп Цыплёнков бірнеше жылдан бері мұнай тасымалдайтын компанияда жұмыс істейді. Алайда табиғаттың әсем көрінісін, әсіресе құстарды суретке түсіргенді ұнатады.

810 реткөрсетілді

Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді

Жуырда Шымкентте «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен «Ер-тұрманым күмістен» атты республикалық шеберлік сағаты өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері ер шабу, былғарымен қаптау, күміспен өрнектеу, қамшы өру секілді ұлттық қолөнердің сан түрін көрсетті. Ер-тұрманның жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Қолөнершілер осы бұйымдарды көпшіліктің алдында жасап, шеберліктерін паш етті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ер-тұрман жасау өнерін насихаттап, жаңғырту. Ең бастысы, келген қонақтар шеберлік сағатынан өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды. Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, шеберлермен бетпе-бет тілдесті. Әсіресе жастардың қызығушылығы зор. Әрбір затты қолдарымен ұстап көріп, таңдана қарасты. Қолөнершілер ұсталық өнер жайында ой өрбітіп, қызықты әңгімелерін де айтты. Шеберлердің қолынан шыққан ең таңдаулы туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылды.

230 реткөрсетілді