# Форум

Форум • 27 Сәуір, 2024

Еларалық бизнес-форум

Қазақстан делегациясының Ауғанстанға ресми сапары барысында еліміздің 35 компаниясы Кабулда өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен көрмесінде өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

Форум • 19 Сәуір, 2024

Жас ғалымдар форумы

Жақында Астана медицина универси­тетінде жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті. Жастар арасында ғылымды дәріптеуге ықпал ететін іс-шара «Ра­дио­логиядағы әйелдер денсаулығы» халық­аралық ғылыми-практикалық конференциясымен түйінделді.

Форум • 11 Сәуір, 2024

Индустрияның дамуына жол ашылады

Өткен аптада Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «EKTU RnD forum-2024» халықаралық форумы шеңберінде «Ғылым және өндіріс: міндеттер, шешімдер және стратегиялар» атты пленарлық отырысы өтті. Машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшылардың басын қосқан университеттің алаңында жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар, шетелдік серіктестер, бизнес-қауымдастық пен ғылыми зерттеу институттарының өкілдері ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Форум • 11 Сәуір, 2024

Журналистиканың жаңа тынысы

Жаңа технология жетістіктері ақпарат саласына да айтулы­ жаңа­лықтар әкелді. Мінсіз мәтін жазып, ғаламтордағы мил­лиондаған ақпаратты әп-сәтте сүзгіден өткізіп, алдыңа жайып­ салатын журналистикадағы жасанды интеллект тіл­ші­лер қауы­мына көмекші құрал ма әлде бәсекелес пе? Ақылды құ­рал­дың артық­шы­лы­ғымен қатар қандай қатерлері бар? Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­тық университетінде өткен «Жур­налистиканың болашағы: жасан­ды интеллектінің генера­ция­сы» атты VІІ Халықаралық ғылыми форумда осы және өзге де маңызды сауалдар сараланды.

Форум • 02 Сәуір, 2024

Журналистикаға жолдама

Республикалық «Жас тілшілер» форумын өткізуді дәстүрлі шараға айналдырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл да еліміздің түпкір-түпкірінен 60-тан астам талапкер жиналды.

Дәстүр • 18 Наурыз, 2024

Дала дәстүрі дәріптелген күн

Қатпар тарихқа өрнек салған мәдени мұралар – ұлттық дәстүріміздің өзегі. Халықтық қасиет-қалыбымыздың бастау-бұлағында тұрған рухани құндылықтар – Тұран даласының әр тарапын мекендеген бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеп, оларды ынтымаққа ұйыстыратын қуатты күш. Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде салтанат құрған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II халықаралық ғылыми форумда түбі бір түркі халықтарының мәдениеті мен өнері зерделеніп, Наурыз мейрамын насихаттаудың маңызды бағыттары сараланды.

Форум • 15 Наурыз, 2024

Орталық Азиядағы әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған семинар өтті

Жоғарғы Сот және «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» атты Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Орталық Азиядағы әкімшілік сот ісі» атты әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған VI аймақтық семинар өтіп, барлық облыстардан келген 50-ге жуық судья әкімшілік органдар қызметінің құралдарын: сот қорғауының шегі және ерекшеліктерін талқылады.

Форум • 08 Наурыз, 2024

Астанадағы әйелдер форумы

Елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне белсенді араласып жүрген қыз-келіншектер көп-ақ. Осы жолы олар Пре­зи­дент жанындағы Әйел­­дер істері және отбасы­лық-де­мографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комис­сия­ның 25 жылдығына орай­лас­ты­рыл­ған Қазақстан әйелдерінің форумында бас қосты.

Қоғам • 06 Наурыз, 2024

Форум мақсаты – гендер мәселесі

Nazarbayev University гендерлік білім форумы өтті. Оны аталған оқу орны мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызмет­керлері ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар
Фото