# Мәселе

Мәселе • 26 Сәуір, 2024

Шіркейге қарсы дезинсекция

Дернәсілдері ағын судың астыңғы қабатына бекініп, ал қанаттанғандары судан тыс та тіршілік ететін шіркей бүгінде жұрттың жиі шағымдануына себеп болып тұр. Негізінен таңертең, ымыртта шағатын, сілекейі улы кішкентай шіркейіңіз Түркістан облысында үлкен мәселенің біріне айналған.

Мәселе • 23 Сәуір, 2024

Шекаралық аудандар қамқорлыққа зәру

Әр елдің шекарасының беріктігі мен тұтастығы ұлттық стра­те­гия­сы­ның басым бағытына жатады. Еліміздің 14 өңірінде 65 аудан 5 мемлекетпен шектескен. Шекара маңындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысандар, шағын және орта бизнес, туризм, сауда, жұмыс орындарын құру, халықты тұрақтандыру тетіктерін әрдайым назарда ұстап, ұдайы жетілдіріп отыру – уақыт пен қоғам талабы.

Мәселе • 17 Сәуір, 2024

Жылқы жануары жәрдемге зәру

Еліміз тарихында жиі болған жұтпен ерекшеленген Қоян жылы биыл да малымен күн көріп отырған жұртқа жайсыз тиді. Бірқатар өңірде жаз бойы жаумаған жаңбыр желтоқсанда нөсер­лете құйып өтті де, іле қатты аяз болып, қардың беті мұз болып сіресіп қатып қалды. Оған тебінде жүрген жылқының тұяғы батпай, жіліншігі қан-жоса болып қиылып, қасиетті Қамбар ата түлігі өлім-жітімге ұшырады.

Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Алаңдатқан мәселе

Мына мазасыз әлемде дамыған елдердің өзі де жасөспірім­дердің саулығы мен тәрбиесіне қатысты мәселелерде қау­қарсыз. Жаһандық деңгейде қимылдайтын ұйымдар да оңы мен солын түгел танымаған жасөспірімдердің, оның ішінде он жастағы қыз балалардың репродуктивті денсаулығын бірінші кезекке қоюы бекер емес. Қалай десек те, жасөспірімдер арасындағы жүктілік – қоғамның жіті назар аударуын талап ететін көкейкесті мәселе.

Мәселе • 16 Сәуір, 2024

Тендердегі теңсіздік

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын пысықтауды тапсырған болатын. Үкімет басшысының айтуынша, квазимемлекеттік сектордағы отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, сатып алуды түбегейлі оңайлату және жеделдету қажет. Олжас Бектенов қолданыстағы рәсімдер көбіне мемлекеттік сатып алу үдерістерін әдейі кешіктіруге әкеліп соқтыратынын, соның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.

Мәселе • 11 Сәуір, 2024

Сәтбаев арнасындағы бөгет мүжіліп барады

Сәтбаев су арнасындағы бөгеттің жағдайы кәсіпорын өкілдерін алаңдатып отыр. Айтуынша, осыдан бес жыл бұрын №87 бөгетке жасалған жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, бүгінде оның салдары айқын біліне түскен. Бөгеттің жиегі мүжіле-мүжіле, бүгінде қауіптің ең жоғары шегіне жетіп отыр.

Мәселе • 03 Сәуір, 2024

Үлгіліктердің үміті ақтала ма?

Бір жұтым ауызсуға зар болып отырған Үлгі аулының тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Үміт отын тұтатқан жоба аяқсыз қалып, қыруар қаржы құмға сіңген судай зым-зия.

Мәселе • 29 Наурыз, 2024

«ЕКІ ТҮЙЕ СҮЙКЕНСЕ...» немесе апатты су бөгетінің тағдыры алаңдатады

«Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі» дейді ата-баба да­на­лығы. Дегенмен сол ағыл-те­гіл ырыстың да түгесілер күні болуы мүмкін екенін «Судың да сұ­рауы бар» деп ескертіп кеткен.

Мәселе • 28 Наурыз, 2024

Құмар ойын құрдымға құлатпасын

Енді азаматтар өз-өздеріне құмар ойындарға қатысу мен бәс тігуге шектеу қоя алады. Ол үшін өтінішті «eGov» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беру керек. Осылайша, цифрлы формат көмегімен кез келген отандасымыз, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер 6 айдан 1 жылға дейін шектеу орнатып, букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан уақытша айырылады.

Соңғы жаңалықтар
Фото