# Музей

Музей • 26 Сәуір, 2024

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің этнография залында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты тифло­музей жобасының зағип азаматтарға QR-код арқылы ұйым­дастырылған арнайы бұрыш ашылды.

Музей • 25 Сәуір, 2024

Қасымбек датқадан қалған дүние

Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық өлкетану музейінің ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету және қазіргі заман тарихы бөлімінің меңгерушісі Жанар Үркімбаева әйгілі Қасымбек датқаның ұрпақтары бабадан мирас болып қалған асадалды музейге әкеп тапсырғанын айтты. Асадал дегеніміз, ағаштан жасалған тартпалары бар жиһаз. Онда негізінен ас пен ыдыс-аяқ сақталады. Асадалды кебеженің бір түрі деуге де болады.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2024

Тасқа айналған ағаш

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Табиғат залында палезой заманында 100 млн жыл бұрын өскен ағаш кеспелтегі тұр. Ұзындығы бір метрге жуық, адам құлашынан асатын діңгектің бойындағы минералдар шамның жарығына жылт-жылт етеді. Әу бастағы заты ағаш демесеңіз, бұл –кәдімгі тас. Ертеректе Алға ауданы Үшқұдық ауылына жақын жерден табылып, музей қорына өткізілген. Ағаштың шірімей, минералдануы – табиғаттағы ең ғажап құбылыс. Оған қандай жағдайлар әсер етті екен?

Музей • 04 Сәуір, 2024

Ұйғыр театрындағы айрықша музей

Алматыдағы Қ.Қожамияров атын­дағы Республикалық мемлекеттік ака­де­­миялық ұйғыр музыкалық комедия­ театры­на биыл 90 жыл толады. Кө­рер­менге ізгілік идеясын арқау еткен туын­дыларын ұсынып келе жат­­қан театр ға­сырға жуық уақыт ішінде қанатының астына бірнеше шы­­ғармашылық топты шоғырландыра отырып, драма, ән, би секілді өнер­­­дің әр саласын биік деңгейде өркендеткен белсенді шеберханаға айналды.

Музей • 08 Наурыз, 2024

Музей ісінің майталманы

Ол – музей ісіне жан-жүрегімен берілген маман. Экскурсия кезінде Қазақстанды әйел бейнесі арқылы танытуға тырысады. Себебі біздің кейіпкер ұлттың мінезі, тарихы және руханияты нәзік жандылардың жана­рын­да анық көрінеді деп санайды. Бір кездері ол АҚШ-тың бірінші ханымы және мемлекет қайраткері Хиллари Клинтонды, Екінші дүниежүзілік соғыс­та қолданылған қарудың авторы Михаил Калашниковты қазақ мәдениеті­мен таныстырған. Ұлт мәдениетіне өлшеусіз қызмет атқарып жүрген бұл қайраткер әйел – ардагер экскурсовод, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Бақыт Оразымбетова.

Музей • 27 Ақпан, 2024

Аралдағы балықшылар музейі

Біз көрген ғимарат әу баста орыс көпе­сінің үйі болған деседі. 1897 жылы салыныпты дейді білетіндер. ХІХ ғасырда Арал теңізінің бар балығын саудалаған мықтының бірі шығар, бәлкім. Бірақ тарихтағы Қазан төңкерісінен кейін бұл үй «Қызыл мүйіс» дейтін орталық болған көрінеді. Теңізден оралған балық­шылардың кеңсесі ретінде пайдаға жарапты. Арадағы ғасырға жуық уақыттан соң бұл ғимаратты қала орталығына жылжытқан көрінеді. Мақсаты сол, бұдан музей етіп жасақтап, балықшы қауымның тарихын қайта жандандыру жұмыстары қолға алынған еді.

Музей • 22 Ақпан, 2024

Ресей музейлеріндегі жәдігерлер

Кейде өзіңе керек бір дүниені іздеп отырып басқа бір қызықты дерекке тап болатын жағдайлар болады. Таяуда Ресей музейлерінің сайтын ақтарып отырып, Жамбыл ақынға қатысты бірнеше қолөнер туындысын кездестірдік.

Музей • 13 Ақпан, 2024

Музей жүйесін жаңа деңгейге көтеру маңызды

Қазіргі кезеңде мәдениет қоғамның ар-ұждан идеалы мен кісілікке негізделген құндылық бағыт-бағдарын ғана емес, ежелден жалғасып келе жатқан этностық дәстүрдің озық үлгілерін сақтаудың және дамытудың айрықша күшіне айналып отыр. Мәдени саланың Қазақстан қоғамын өркендетудің басым бағыттарының бірі болып отырғандығы да сондықтан.

Музей • 30 Қаңтар, 2024

Шаһар сәулетінің сыры

Биыл – кеншілер қаласының мерейтойы. Ендігі мәдени ұйымдар қазыналы қала тарихын жұрт жадында жаңғырту мақсатында түрлі көрме, кездесулерді бастап кеткен. Ақпан айынан облыстық бейнелеу өнері музейі де «Қарағанды – Сарыарқаның монументалды орталығы» атты мұражай сабағын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар
Фото