# Қазақстан

Қазақстан • 26 Сәуір, 2024

Павлодарлық оқушы Халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды

Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 26 Сәуір, 2024

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы­ғымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаз­дық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, респуб­ликалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Ресеймен жүк тасымалы артады

Бүгін, Алматыда өткен «ESE ASIA-2024» халықаралық контейнерлік форумында соңғы бір жылда компанияҚазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырғаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

БАҚ пен азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын – министр

Соңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақ түскенін айтқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Amicorp елімізде өз кеңсесін ашты

Amicorp компаниялар тобы өңірдің бас қаржы хабы – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өз кеңсесін ашты. Amicorp – корпоративтік басқару, қаржы нарықтары және қорларды әкімшілендіру қызметтерінің алғашқы жаһандық жеткізушісі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында елдегі су тасқыны жағдайын қозғап, мемлекет тарапынан пәрменді шаралар қабылануы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Су тасқыны: азаматтардың мал шығыны өтеліп жатыр

Елімізде су басқан аймақтарда ахуал тұрақталып, мал шығыны өтеліп жатыр. Келтірілген залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссиялардың жұмысы барысында табиғи апаттан 8,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2024

Телефон-алаяқтары жаңа айла ойлап тапты

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектті қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескертеді. Бұрындары алаяқтар өз құрбанының туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлға болып смс-хабарлама арқылы ақша сұраса, қазір сол адамның дауысын салатын болған, деп жазады Egemen.kz

Қазақстан • 24 Сәуір, 2024

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызылады

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото