# Тарих

Тарих • 25 Сәуір, 2024

Екі фотосуреттің тарихы

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанұлының бұл ісі кеңес дәуірінде Б(б)кП Орталық қадағалау комиссиясының мұрағатында тізбек бойынша № 458 іс № 1278 жинағында сақталған. Бұл істің «аса құпия» немесе жай «құпия» деген белгісі (грифі) болмаса да, кеңес дәуірінде ол іске кез келген адамның қолы жете бермейтін. Қазір оның құпиялық күші қайтып, Ресейдің мемлекеттік мұрағатының 7511-қоры, 5-тізбегі, 458-ісінде сақталып жатыр.

Тарих • 25 Сәуір, 2024

Әмір Темірдің жауыздығы Шыңғыс ханнан асып түскен

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында тілші Әнуар Жұмашбаевтың «Әмір Темір және Алтыншоқы» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Автор тарихи деректер тізбектелген материалына белгілі тарихшы, археолог Эмма Усманованың «Әмір Темір және Алтыншоқы төбесінің сыры» тақырыбында айтқан дәрісінен дәйек алған, деп жазады Egemen.kz. 

Тарих • 19 Сәуір, 2024

Ескерусіз қалған ерлер

Келер жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталға­нына 80 жыл толады. Осы мерейтойды өз деңгейінде атап өту үшін дайындық жұмыстары қазірден басталып, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілгені жөн. Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Жеңістің 80 жыл­дығына орай зерттеулер тың қарқынмен жалғасады деп сенемін. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаң­ғырту өте маңызды. Мемлекет бұл бағыттағы жұ­мысты жалғас­тыра береді», деп атап өтті.

Руханият • 17 Сәуір, 2024

Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...

Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров пен Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Қ.Тоқаевтың арасындағы жылы қарым-қаты­настың арқасында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми бай­ланыстар айтарлықтай ілгерілеп, нақты, табысты жұмыстар атқа­рылып жатыр. Екі президент Бішкекте, Ыстықкөлде, Астанада бір­неше рет кездесіп, қырғыз-қазақ халықтары арасындағы ынтымақ пен бауыр­ластықты нығайтуға күш-жігерін жұмсап келеді.

Тарих • 12 Сәуір, 2024

Америкалық инженер Нэлсон Фэлл қазақ даласы туралы не жазды?

«Сұлтан Жәңгірдің төрт мың жылқысы бар, Жұмабек сұлтанда екі мың, ал Адам байда үш мың жылқы бар, ал сіз бес-ақ жылқым бар дейсіз! Сонда неше қойыңыз бар?» «Менің қойым жоқ», деп жауап бердім. -  Әй!.. Басқа түліктеріңіз көп болар? - «Екі сиырым бар», дедім».

Тарих • 12 Сәуір, 2024

Ұлылардың ұғысуы

Шапық Шөкин бастаған отандық ғалымдар 1949-1958 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтама­сыз ету мәселесін Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Бұл идеяға түрткі болған Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев еді.

Тарих • 11 Сәуір, 2024

Академик ардақтаған ұста

«Байман ұста Алтаяқұлына!Құрметті Байеке! Сіздің Аманкелді батырдың өзі және сарбаздары ұста­ған қаруларының түпнұсқасын жаңадан жасап жібер­геніңізге Қазақ ССР Ғылым Академиясы зор алғыс айтады. Бұл қару-жарақтар белгілі бір дәуірдегі қазақ хал­қының жауынгерлік мәдениет үлгісін бейнелейді. Мұ­ның қазіргі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі маңызы да үлкен. Осы іске сіз бұдан былай да атсалысады деп сене­міз. Академия сізбен байланыс жасап тұрады. Сәлеммен – Қ.И.Сәтбаев».

Тарих • 02 Сәуір, 2024

Түрікменстандағы «Алашорда» ісі

1939 жылдың 23 қыркүйегінде «өте құпия» грифімен Түрікмен кеңестік социа­лис­тік республикасының НКВД органдарында «Социалистік заңдылықтарды бұзу» істері бойынша тергеу қорытындылары жөнінде баяндама дайындалды. Бұл туралы НКВД әскерінің Түрікменстан Шекара округінің әскери прокуроры, І рангалы әскери заңгер Кошарский КСРО прокуроры М.Панкратьевке, Жұ­мыс­шы-шаруа Қызыл армиясының (РККА) Бас әскери прокуроры Гаври­лов­тың атына 35-беттік баяндама жіберген.

Тарих • 01 Сәуір, 2024

Бірегей тұлғаның айтылмай жүрген бір ісі

«Өзбекәлі және мәдени майдан» деген кітап туралы әр жерде естіп қалып жүр едім. Таяуда қолыма тиіп, оқып шықтым. Авторлардың (С.Керімбай, Ә.Нәби) кітапты жазу үшін әжептәуір дайындалғаны байқалады. Айтарлықтай еңбектеніп, деректер іздеп, кейіпкердің көзін көрген адамдармен жүздесіп, біраз ақпарат жинаған.

Соңғы жаңалықтар
Фото