# Тұлға

Руханият • 26 Сәуір, 2024

Қазақ капиталисі Баймұхамбет Қосшығұлов

Ақмола-Астана тарихына қа­тысты ескі деректі кітаптарда, алғашқы ұлттық баспасөзде аты мен заты аталатын тұлғалар Баймұхамбет пен Құрманғали Қосшығұловтар туралы бүгінде біреу білсе, біреу білмейді.

Тұлға • 23 Сәуір, 2024

Қонысбайдың халықшыл қасиеті

2022 жылдың 3 желтоқсаны. Түн құшағындағы елордада қыс қаһарына мініп, аяз ақырып тұрған. Жұртты әбігерге салған осындай ызғарлы, суық ауа райымен бірге бізге бірер жылдан бері денсаулығы сыр беріп жүрген аяулы досымыз Қонысбай Әбілдің дүниеден озғаны туралы суық хабар жетті. Қайғылы қазаны сол тұстағы Жазушылар одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет Фейсбук парақшасында жеткізген еді...

Тұлға • 23 Сәуір, 2024

Адалдықты ту еткен азамат

Өмір бізді қай қиырға, қай қиынға салса да, адамгершілік жолынан аттамай, Құдай берген қабілет-қарымымен ортасына, ел-жұртына, ең бастысы, кәсібіне адал да абыройлы жандар арамызда аз емес. Көзге көрінуді емес, көңілден шығуды ойлайтын, еңбегімен елге сыйлы сондай азаматтың бірі – сот жүйесінің білгірі, заң саласының кәсіби маманы Сәкен Абдолла. Бүгінде әділеттік пен әділет жолындағы азамат туралы айту мен жазу көкейкесті болса, аталған ұғымға сыятын тұлға ретінде де осы кісіні таңдар едік.

Тұлға • 17 Сәуір, 2024

Ауыл театрын қатарға қосқан

Талай жылдан бері тұра­лап қалған ауыл театрларына жан бітіріп, жарыққа шығаруда жар­ғақ құлағы жастыққа тимей, еселі еңбек сіңірген белгілі театр режиссері, сатира сардары Асқар Наймантаевтың есімін ел қадірледі.

Тұлға • 15 Сәуір, 2024

Қазақтың қайсар ұлы

Ресейдің ірі аймақтарының бірі – көмірлі Кемерово облысының тізгінін ­жиырма жылдан астам уақыт ұстаған губернатор, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеев 13 мамырда 80 жасқа толар еді. Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» деген емес пе, ол бұл күнге жете алмады, 80-ге қараған шағында өмірден озды. Солай екен деп, Қазақ елі, оның ішінде шымкенттіктер, асыл азаматты ұмытқан жоқ. Нақты айтсақ, біз осы айтулы күннің қарсаңында белгілі ғалымдар мен елімізге танымал зиялы қауым өкілдерінің, Амангелді Молдағазыұлымен қызмет еткен Кемерово облысының зиялы азаматтары мен көзін көрген замандастарының, туған-туыстарының, шәкірттерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз.

Тұлға • 14 Сәуір, 2024

Ұлт мақтанышының мерейтойы

12 сәуір – Ғарыш пен ғылым күні. Сондай-ақ халқымыздың даңқты перзенті, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Биыл аса көрнекті ғалымның туғанына 125 жыл толды. Осы айтулы тойдың басы елордадағы біртуар тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және ғалымның туған жерінен келген делегация мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Мазмұнды іс-шараның ойдағыдай өтуіне елорда әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетті.

Тұлға • 12 Сәуір, 2024

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz. 

Тұлға • 12 Сәуір, 2024

Бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің (руы Қаржас) отбасында дүниеге келді. Шын есімі – Ғабдул-Ғани.

Ғылым • 12 Сәуір, 2024

Қаныш Сәтбаев және отандық ғылым

Әр халықта мемлекеттің дамуына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалары бар. Олардың ішінде қоғамға танылу иерархиясында айрықша орын алған көшбас­шылар ерекше дараланып тұрады. Ғалым, академик, патриот, отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – осындай бірегей тұлға.

Соңғы жаңалықтар
Фото