ОПЕК-тің болжамынша, маусым айында мұнайға деген әлемдік сұраныс жылдық мәнде тәулігіне 1,3 млн баррель деңгейінде сақталады. Бұл өткен айдың бағалауымен сәйкес келеді дейді AERC сарапшылары. Сұранысты күшейтіп отырған елдер – Қытай, Үндістан және Азияның өзге де мемлекеттері. Биылғы мұнайдың жаһандық жалпы сұранысы тәулігіне 105,1 млн баррельді құрайды екен. ...
Дәл осы күні Әскери-әуе күштері кәсіби мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты. Содан бері әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуден, қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
«Қазақмыс» корпорациясы Қарағандыда тау-кен металлургия саласына оңтайлы шешім әзірлеуге және қолданысқа енгізуге арналған алаң – R&D-орталығын іске қосты. Ол «КазГидроМедь» компаниясының базасында құрылды. Орталықтың тұсаукесеріне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ ірі тау-кен өндіруші компаниялар мен зерттеу институттарының өкілдері қатысты. ...
Біз білетін күйді байырғы бабаларымыз «күк» деп атап, оны Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп ұқты. Бұл дерек Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігінен» тиянақ тапқан. Осы арқылы бүгінгі қоғам азаматы сөздің он ғасыр бұрын қалай дыбысталғанын аңғарады. Ал «күк» деп аталатын сол әуеннің өзі ілкі құлаққа қалай жеткен екен? Қаһарлы ханның қабағын түсірген қаралы хабар қандай болды? Қашқаридің қадым кітабындағыдай сөздің ғана емес, үннің де транскрипциясын жасау мүмкін бе? Мәселен, ол дыбыс қоңыр ма, ащы ма? Жоқ, әлде ашық па, бітеу ме? Бұл бір келешектен естелік, өткен шақтан жаңалық іздеу секілді білім мен түйсікке құрылған тұңғиық таным жолы. Сол жолда қазақ музыкасының мүмкіндігін кеңейтіп, әлеуетін арттырып жүрген бір топ өнерпазды кездестірдік. Олар – тарихи аспаптарды қайта жаңғыртып жүрген «Жошы» фольклорлық ансамблі. ...
Еліміз жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағытын барынша нығайтып жатыр. Былтыр сағатына 7,581 млрд кВт жаңартылатын энергия өндірілді. 2027 жылға қарай 3 100 МВт-тан астам жаңартылатын энергия қуатына қатысты жобалар іске асырылады. ...
Елімізде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Күн тәртібінде сумен жабдықтау мен су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды. ...



Сарапшылар