Басылым
Мегаполис айнасындай қос басылым
Тәуелсіздікпен тағдыры тоғысқан қазақ баспасөзінің жаңа дәуірі еліміздің әр өңірінде өзіндік үнін қалыптастырды. Шымкент қаласында жарық көретін «Шымкент келбеті» мен «Панорама Шымкента» газеттері шежіресі – егемендіктің алғашқы жылдарынан бастау алған бірегей басылымның бірі. 1990 жылдың 21 шілдесінде алғаш оқырманға жол тартқан қос басылым отыз бес жыл бойы шаһардың күнделікті өмірін, тыныс-тіршілігін қағазға қаттап, уақыт жадында қалдырып келеді. Бұл – бір редакцияның ғана тарихы емес, тәуелсіздікпен бірге есейген қаланың, өзгерген қоғамның, жаңарған сананың жылнамасы. ...
...