2025 жылдың алғашқы 5 айында республикалық бюджет түсімі жоспардан 1,2 трлн теңгеге кем болды. Алайда Үкімет шығындарды 1 трлн теңгеге қысқартып, тапшылықты 1,03 трлн теңгемен шектеді. Қаржы министрлігінің дерегінше, 1 маусымға дейін республикалық бюджетке 8,8 трлн теңге түсті. Бұл жоспарланған 10 трлн теңгеден 12%-ға аз. Әсіресе салықтық түсімдер айтарлықтай төмендеп, 5,54 трлн теңге болды (жоспар 5,61 трлн теңге). ҚҚС бойынша түсім 8,1%-ға орындалмай қалған. Керісінше, салықтан тыс түсімдер 38%-ға асыра орындалыпты. ...
Израиль мен Иран аспанында жасын ойнатып жатқан зымырандар «шеруі» жаһандық мұнай бағасын қымбаттатуға да, құлдыратуға да қабілетті. Осыдан бірер күн бұрын Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтын болса, мұнай бағасы өсуі мүмкін (жалпы, екі ел арасында соғыс басталғалы «қара алтын» құны 11%-ға өсіп те үлгерген еді) деген пікір белсенді тараса, енді Иран мен Израиль татуласуға келіскеннен кейін баға қайтадан төмендей бастады. ...
Отбасы қашанда әлеуметтік маңызды институт саналады. Елімізде отбасылық-демографиялық саясатты нығайту мақсатында түрлі әлеуметтанулық зерттеу жүргізіледі. Шаңырақтың шайқалмауы, керегенің сетінемеуі – отбасы құндылығының басты нышаны. Қазақстан қоғамдық даму институты Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының сарапшысы Ақнұр Иманқұлмен сұхбатымыз осы тақырып төңірегінде өрбіді. ...
2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Сөйтіп, мемлекетіміз қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қатысты кемсітушілік жағдайларды жоюға міндеттеме алды. ...
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын, атап айтсақ, нотариаттық қызмет мәселелері, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарады. ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келіп, «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. ...

жасұлан сейілхан
Полицейді неге бөтенсиміз?

жолдыбай базар
Зейнеткерлік бейнеттен құтқара ма?

жолдыбай базар
Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

гүлнар жолжан
Туға құрмет – басты парыз

гүлнар жолжан
Дамыған және дамушы елдің арасы...



Сарапшылар