26 Қаңтар, 2010

Әлем өткен аптада

1152 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ ТЫНЫСЫ ПОЛЬШАДА –  АҚШ ЗЫМЫРАНДАРЫ Польшаның қорғаныс ми­нистрі Богдан Клиха ресми түрде АҚШ-тың өз елінде “Патриот” зенит-зымырандық кешенін ор­на­ластырмақ жоспарын растады. Және ол бұрын келіскендей, Варшава маңында емес, Ресейдің Калининград анклав-облысының шекарасынан 100 шақырым жерге орналаспақ. Оған түсініктеме бер­ген Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі Дмитрий Рогозиннің бұл кешен облыс-анклавты толық атқылай алады дегені негізсіздеу. Өйткені “Патриот” зымырандары бар-жоғы 80-100 шақырымға ғана жетеді. Ол осындай қашықтыққа жақындаған нысанды ғана ата алады. Оның сипаты – қор­ғаныстық. ДІН АРАЗДЫҒЫ ЖАМАН Нигерияның солтүстігінде мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстан 149 адам қаза тауып, 300-дей адам жарақат алыпты. Қақтығыс тоқтады де­ген­мен, оның қайта бұрқ ете қалу қаупі бар көрінеді. Ал бұл елде мұндай қақтығысқа айтарлықтай негіз бар. Тек Африкада ғана емес, бүкіл әлемдегі халқы көп ел­дердің бірі саналатын (130 мил­лиондай адам, әлемде тоғызыншы орында) Нигерия халқының 40 пайызы – христиандар, 40 пайы­зы – мұсылмандар. Әркез діни негізде қақтығыстар болып тұ­ра­ды. Арандатушылар табылса, өкі­нішке қарай ондайлар жеткілікті, бейбіт халықтың делебесі қозады. Ал оның арты – қантөгіс. БЕРЛУСКОНИДІҢ 36 ТІСІ БАР Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони әркез бір жағдайға ұшырап жүреді. Бірде оның бизнесінен ши шығып жа­та­ды, бірде әйелдермен байла­ны­сы сөз болады, тағы бірде... Был­тыр бір кеңкелес оның тұмсығын бұзып, біраз тісін қиратқаны бар. Соған байланысты ол жақында мәлімдеме жасап, дәрігерлердің өзінің бір тісін алып тастағанын, әлі де 35 тісі барлығын хабарлады. Әдетте адамда 32 тіс болар еді. Ал Берлусконидің 4 тісі артық көрінеді. АЛДАП АЛЫСҚА БАРМАЙСЫҢ Болгарияның сыртқы істер министрі Румяна Желева Еуро­ко­миссияның Халықаралық ын­ты­мақтастық және қайырымдылық көмек жөніндегі еурокомиссары қызметіне барудан бас тартты, сондай-ақ өзінің министрлік қызметінен де кететінін мәлімдеді. Бұған ол мәжбүрлікпен барған көрінеді. Жаңа қызметті бекітетін Еуропарламентте Болгариядан сай­ланған біраз депутаттар ми­нистрдің өз табыстарын жасыр­ғанын айтыпты. Тіпті оның күйеуі­нің ұйымдасқан қылмысқа қатысы да сөз болған. Мұндай “мінездемемен” Еуроодақтың төріне шығу қиын. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚЫЗЫ – ЕЛШІ Өзбекстан президенті Ислам Ка­римов өзінің үлкен қызы Гүл­нәрді елдің Испаниядағы елшісі етіп тағайындаған  болатын. Өт­кен аптада Г.Каримова сенім грамотасын тапсырды. Ел ішінде президенттің қызы жайында әңгіме көп. Эстрада әншісі де болған, бизнеспен де айналысқан, оның ішінде қым­бат әшекей бұйымдармен айна­лысуға әуес болды. Ал дип­ломатиялық жұ­мыста да ол тосын адам емес. Мәскеудегі ел елшілігінде кеңес­ші, БҰҰ-ның Женевадағы өкілді­гінде өз елінің мүддесін қорғаса, Сыртқы істер министрінің орын­басары қыз­метін де атқарды. АРКА ОРНЫНА – МОНУМЕНТ Түркіменстан президенті Гур­бан­гулы Бердымұхамедов ел ас­та­насының ортасындағы Бейтарап­тық (нейтралитет) аркасын алып тастап, оның орнына қаланың шет жағынан Бейтараптық мону­ментін тұрғызу жөнінде жарлық шығарды. Бұрынғы арканың биіктігі 63 метр болатын да, оның ұшар басына Сапармурад Ния­зовтың 12 метрлік ескерткіші ор­натылған еді. Алтынмен апталған бұл ескерткіш күнге қарай ай­на­лып тұратын. Енді жаңа Бей­тараптық монументінің биіктігі бұрынғы аркадан да асып түсіп, 95 метр болмақ. ОРЫСТАРДЫҢ ТҮБІНЕ АРАҚ ЖЕТЕДІ Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Татьяна Голикова ел президенті Дмитрий Медведевке соңғы 14 жылдан бері елде алғаш рет халық саны азаймағанын, қайта былтыр 15-25 мыңға өс­кенін хабарлапты. Алып держава үшін бұл айтарлықтай өсім емес қой, бірақ азайғанның тоқтаға­нының өзі қуаныш. Бұл өсім сырттан келгендердің есебінен екен. Әйтпесе, бұл елде туған­дардан өлгендердің саны көп. 1992 жылдан бері елдің халқы жеті миллионға кеміпті. Алда да кемитін көрінеді. Осы ғасырдың ортасында халқы 30 пайызға азаймақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайым­дауынша, оның басты себебі – ішкілік. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.
Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше