Соңғы жаңалықтар
Президент • Бүгін, 12:01
Президент қалалық сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • Бүгін, 11:38
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты
Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы федерацияның ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olimpyc.kz-ке сілтеме жасап.
Сұхбат • Бүгін, 10:50
Азаматтар зейнетақысын сақтап қалудың жолы қандай?
Зейнетақы жүйесі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қалыптастырып отырған активтерді басқару саясаты жөнінде экономика ғылымдарының докторы Аманжан Жамаловпен сұхбат құрдық.
Өндіріс • Бүгін, 10:40
Машина жасау зауыты сан түрлі өнім шығарады
Еліміздегі экономиканың ең негізгі тірегі болатын отандық өндіріске көп көңіл бөлініп жүр. Әсіресе мұндай қолдау сезінген машина жасаушылар өз өнімдерін шетелге де экспорттай бастады. Отандық машина жасаушылар ортасынан ойып тұрып орын алған «Қазақмыс» корпорациясы құрамындағы «Maker» ЖШС-KLMZ тауары «Қарағандыда жасалған» деген таңбамен тарап жатыр.
Пікір • Бүгін, 10:30
«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін дәл әрі нақты білдіретін осы үш ұғымды ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өтті.
Пікір • Бүгін, 10:20
Бірқатар өңірдегі су тасқынына байланысты Президент Ассамблеяның кезекті отырысын онлайн форматта өткізуге шешім қабылдады. Сессияда Мемлекет басшысы ҚХА-ның маңыздылығы мен рөлін, әсіресе сындарлы кезеңдегі Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін тағы да атап өтті.
Қоғам • Бүгін, 10:12
Этномәдени бірлестіктердің ісі берекелі
Елімізді әлем назарында алдыңғы орыннан танытатын ерекшелік – мемлекетіміздегі этностардың өзара татулығы мен ұйыған тірлігі. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің тарихи миссиясын лайықты атқарып келеді. Ассамблея мемлекеттік органдармен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп этносаралық тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етеді.
Халық • Бүгін, 10:00
Келісім мен татулықтың тәжірибе алаңы
Облыстық Ассамблея құрамына 28 этномәдени бірлестік кіреді, олардың әрқайсысында бірнеше орталық бар. Өңірде этномәдени бірлестіктерді қолдау, олардың белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктер барлық қоғамдық маңызды іс-шараға белсене атсалысады.
Су тасқыны • Бүгін, 09:52
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Әрине, көршілес Батыс Қазақстан облысындағыдай елді мекендерге қауіп төне қойған жоқ.
Қоғам • Бүгін, 09:45
Қалыпты тіршілікке оралып жатыр
Тасқынның беті ақырындап қайта бастағанымен Петропавл әлі де судан арылар емес. Жазда құрғап кететін кейбір шағын өзендердің тасыған суы Есілге құйылып, сәл де болса көтеріп тастайды. 25 сәуірдегі сәскеде Петропавлдың су қоймасының деңгейі алдыңғы сегіз сағатқа қарағанда тағы да 1 см-ге көтеріліп, 1 179 см-ге жетті. Бұл ең биік нүкте 1 235 см-ден 56 см-ге төмен. Ал Сергеев су қоймасындағы деңгей 10 см-ге түсіп, 1 088 см болды. Мұндағы ең биік нүкте 8 сәуірде 1 425 см-ге жеткен.
Оқиға • Бүгін, 09:44
Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді
ҚР ТЖМ Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтіліп, оған ТЖД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және қосымша күштер жұмылдырылғанын нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 09:37
Кәсіпкерлер қызығушылық танытты
Табиғаты тамаша, өнеркәсіпке қолайлы өңір Алматы облысының инвестициялық тартымдылығы уақыт өткен сайын жоғарылап келеді. Апта басында Іле-Қазақ автономиялық облысы іскерлік бірлестігінің 70 өкілі Қонаев қаласына келді. Олар отандық кәсіпкерлермен екіжақты ынтымақтастық құруға қызығушылық танытып отыр.
Өндіріс • Бүгін, 09:30
КІА келсе, өндірістің «киесі» артар...
Іргетасы өткен жылдың қараша айында қаланған «КІА» зауытының құрылысы 2025 жылы аяқталады. Жобаны жүзеге асыруға 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып отыр. Зауыт жылына 70 мың автомобиль шығарады. Оның 50 мыңы ұсақ бөлшектерден құрастырылады, яғни бұл жерде өндірістің жергілікті үлесінің мейлінше жоғары болуына баса мән беріліп отыр. Зауыт іске қосылған соң, сала мамандары үшін 1,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деген болжам бар.
Сұхбат • Бүгін, 09:25
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы елдегі кей өңірлердегі су тасқынына байланысты шағын құрамда өтті. Осы ретте отырысқа қатысқан «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Расул АХМЕТОВТІ әңгімеге тартып, жиында көтерілген мәселелер жайын сұраған едік.
Инвестиция • Бүгін, 09:20
Сайрам ауданы Ақсукент ауылында «Capable group» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі (ҚБ) италиялық технологиямен жөргек шығаратын өндіріс орнын 2021 жылдың күзінде іске қосқан еді. 2022 жылы жапон технологиясымен минутына 500-700 дана жаялық шығаратын қондырғы орнатқан. Бүгінде фабрика тағы екі желіні іске қосып, айына 20 миллион жөргек шығарып келеді. Сондай-ақ жұмыспен қамтылғандар саны 60-тан 360 адамға жетіп отыр. Оның ішінде өндіріс орнында жұмыс істеушілермен қатар жөргектерді еліміздің барлық аумағына жеткізіп, өткізушілер де бар.
Саясат • Бүгін, 09:10
Шекаралас өңірлер байланысы тереңдей түспек
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжіге барып, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.
Саясат • Бүгін, 09:00
Аймақтық қауіпсіздіктің тірегі
Биыл еліміз Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төраға. Осы жылдың аясында өткізілетін іс-шаралардың бірі кеше Астана қаласында бастау алды. Ол – ұйымға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі.
Қоғам • Бүгін, 08:50
Қазір қайсысымыз болсын Әділетті Қазақстан тезірек орнаса екен деп тілейтініміз анық. Ендеше, осы атам заманнан аңыз-ертегіге арқау болған асыл арманды Мемлекет басшысы айқын мақсат етіп алға қойған қазіргі кезде оны жүзеге асыруға бәріміз бірдей атсалысуымыз қажет емес пе?
Құқық • Бүгін, 08:40
«Біздің жаман үлгіміз жастар үшін жақсы болып көрініп жүрсе, бізге бұдан ауыр күнә болмауы керек». Бұл – қазақ әдебиетінің көрнекті суреткері, ел тарихының талайғы куәгері Ғабит Мүсіреповтің қария жасында замандастарына, қаламдас бауырларына арнаған сөзі.
Ғылым • Бүгін, 08:30
Ғылым нәтижелері өндіріске енуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте «Ғылымсыз ел құрдымға кетеді. Ал ғылымы озық ел кез келген дағдарысты еңсере алады. Ғылым өркендесе, экономика да өркендейді. Яғни халықтың әл-ауқаты артады. Түптеп келгенде, ғылым азаматтардың тұрмысын сапалы, болашағын жарқын етуге тиіс», деп ерекше ой айтты. Иә, елімізде ғылымды жоғарғы деңгейде дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағытының бірі болуы қажет.
Су тасқыны • Бүгін, 08:25
Барбастау – Индер тасжолы бұзылды
Сәуірдің 26-сы күні Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 855 см болып, бір тәулікте 4 см төмен түсті. Тек Тайпақ ауылы маңында ғана Жайық 10 см көтеріліп, сай-саланы суға толтырып барады. Барбастау – Ақжайық – Индер тасжолын тасқын су бұзып өткен.
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Керекуліктер жаппай көшет екті
Осы аптада «Жасыл аймақ» апталығы жарияланып, барлық аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызыла бастады. Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы да тазалық акциясына айтарлықтай атсалысып жатыр. Аға буын мұндай экологиялық іс-шара жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулуға үлкен сеп болады деген пікірде.
Талбесік • Бүгін, 08:15
2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Өңірде сәуірдің сегізінен бері өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына облыс, қала, аудан әкімдерінен бастап, бүкіл жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Ассамблея мүшелері, ЖОО мен колледж студенттері мен оқытушылар, волонтерлер, полиция, антикор, прокуратура құрылымдары, қарапайым тұрғындар белсене қатысуда.
Спорт • Бүгін, 08:10
Қырғыз Республикасында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері төрт жүлде (1 алтын+ 2 күміс+1 қола) еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды қанағат тұтқанымен, есесіне лицензиялық турнирде тәуір көрсеткішке қол жеткізді. Бішкектің бозкілемінде күш сынасқан бес жерлесіміздің үшеуі Париж Олимпиадасында бақ сынайтын балуандардың тізіміне қосылды.
Аңдатпа • Бүгін, 08:00
Аңдатпа: «Ақтөбе, біз біргеміз»
28 сәуір - Астана қаласы әкімдігі Музыкалық жас көрермен театрының Ақтөбе облысындағы су тасқынына ұшыраған жұртшылықты рухани қолдау мақсатындағы сапары аясында М.Әуезовтің «Абай–Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады. Режиссері – Асхат Маемиров.
Қоғам • Бүгін, 07:50
12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдау алды
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу үдерісі жалғасып жатыр. Үкімет бұл жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атқарып жатыр.
Қоғам • Бүгін, 02:19
Алматыда тағы бір ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 01:48
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 27 сәуір күнгі ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер ертең, 27 сәуірде елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 01:16
Семейде теміржол қызметкерлерін бопсалаған блогер сотталды
Семейде темір жол қызметкерлерін бопсалаған блогерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 00:58
Ақмола облысында 30-дан астам тұрғыннан 62 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды
Ақмола облысының 30-дан астам тұрғынын 62 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.