Оқиға • 27 Сәуір, 2024

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ТЖМ Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтіліп, оған ТЖД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және қосымша күштер жұмылдырылғанын нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Фото: ҚР ТЖМ

 Құзырлы ведомство атап өткендей, су басу қаупін азайту мақсатында Атырау қаласында 113 учаскеде 239,7 км бөген салынды.

«Жағдай қатаң бақылауда. Жайық өзенінің су деңгейін мониторингілеу тәулігіне 4 рет жүргізіледі», делінген хабарламада.

25 сәуірде ТЖМ Батыс Қазақстан облысына жеткен үлкен су Атырау облысына бағыт алғанын хабарлады.