Аймақтар • 15 Тамыз, 2017

Павлодарда 300 домбырашы Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста өткен  «Ұлы дала Елі» фестивалінде Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйі орындалды.  

Павлодарда 300 домбырашы Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады

Бұған дейін 2013 жылы Баянауылда өткен «Жұлдызды Жасыбай»  фестивалінде  «Құмжылан» күйін алғаш рет Айбек Бекбосын орындаған еді.  Енді міне, Жаяу Мұсаның белігісіз күйлері жарыққа шыға бастады. «Құм жыланды» орындауға өңірдің ауылдарынан  15-18 күйшіден, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларынан 40-қа тарта домбырашы келіпті.  Облыс орталығындағы  «Шаңырақ» мәдени сауық  орталығы  ауылдардан келген домбырашылар бұл  мерекелі күнге шығармашылықпен шабытпен, күй тарту шеберліктерін танытып, ерекше жақсы дайындалыпты. Күйшілердің кішкентайы 9 жаста, үлкені-  60-та. Күй жиналған қауымның көңілінен шықты.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар