Кино • 11 Қазан, 2017

Қытай мен Қазақстан алғаш рет бірлесіп кино түсірмек

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай мен Қазақстанның бірлесіп түсірілгелі жатқан алғашқы фильмнің жұмыстары Қытайдың солтүстік-батысындағы Яньань қаласында басталды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытай мен Қазақстан алғаш рет бірлесіп кино түсірмек

«Композитор» фильмі 20 ғасырда өмір сүрген қытайлық композитордің өмірбаяны турасында өрбиді. Шығармада оның жолдасы сазгер Бақытжан Байқадамовпен достығы көрсетіледі.1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста Сиань Қазақстанның Алматы қаласында қалып қалады. Қиын-қыстау кезеңді басынан өткерген композиторға Бақытжан көмек беріп, достықтың үздік үлгісін көрсетеді.

Фильм режиссерінің сөзінше, актерлық құрамда қытайлық актер Ху Цзюнь, қазақстандық Берік Айтжановтар бар. Аталған жұмыстар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде іске асырылмақ.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруда ерекше еңбек етті. «Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін» сияқты өзге де хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар («Қыз арманы», «Айтыс», «Еңбек жемісі») жазды. Физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған «Айгүл» ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»