Үкімет • 07 Қараша, 2017

Үкімет отырысында Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту бойынша көпжақты меморандумға қол қойылды

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Bank RBK» АҚ арасында көпжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар кешенді шараларды қарастырады.


Үкімет отырысында Bank RBK қаржылық жағдайын жақсарту бойынша көпжақты меморандумға қол қойылды

Құжат ережесіне сәйкес, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Bank RBK капиталына 160 млрд теңге салу туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде, ҚР Ұлттық банкі жақын арада Банктің шамамен 240 млрд теңге сомасында банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысу туралы өтінімін қарайды.

Bank RBK қалыпқа келтіру мақсатында шамамен 600 млрд теңге сомасындағы проблемалық займдарды жеке арнайы құрылған компанияға беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, тараптар RBK банкінің кваимемлекеттік құрылым депозиттерін қайтаруы проблемалық займдарды қайтару шамасы бойынша жүргізіледі деп келісті.

Bank RBK өтімділіктің түсуіне қарай әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша міндеттемелерді орындай бастайды.

Аталған және өзге де кешенді шараларды іске асыру Bank RBK-ны қаржы қызметтер нарығында тұрақты әрі сенімді серіктес етіп, банкті тұтастай қалыпқа келтіріп, өтімділікті жүйелендіруге мүмкіндік береді.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 970,7 млрд теңгені құраған, қарыз портфелі — 717,8 млрд теңге, клиенттер қаражаты — 570,4 млрд теңге, соның ішінде жеке тұлғалардың салымдары — 194,5 млрд теңгені құрайды. Есеп беру күніндегі Bank RBK жеке капиталы 97,6 млрд теңгені, жарғылық капитал — 64,4 млрд теңгені құраған. 2017 жылдың 9 айындағы банк кірісі 3,1 млрд теңгені құраған. Банк Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында бар.