Парламент • 07 Қараша, 2017

Сенатта 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар қаралды.

Түзетулер еліміздің 2017-2019 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне және жыл басынан бастап салықтық түсімдер қарқынын нақтылауға байланысты әзірленген болатын. Заң жобасы Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруды жалғастыруға, мемлекет қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Еліміздің экономика саласындағы 9 айдағы даму қорытындылары мен әлемдік экономиканың ағымдағы ахуалын есепке ала отырып, 2017 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтыланды.

Осы жылдың басынан бастап экономикалық белсенділіктің жақсаруына байланысты ЖІӨ нақты өсімі 2,5 пайыздан 3,4 пайызға дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралды.

Ұлттық Банктің болжамы бойынша инфляция бекітілген 6,0-8,0 пайыз аралығында болжанып отыр.

2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімдерінсіз) 4 952,8 млрд. теңге сомасында айқындалды немесе 60,8 млрд. теңгеге ұлғайды

2017 жылға арналған трансферттердің түсімдері 4,9 млрд. теңгеге ұлғая отырып, жалпы сомасы 4 656,3 млрд. теңге көзделуде.

2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 1,0 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 11 177,4 млрд. теңге сомасында көзделеді.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша өзгерістер:

  1. Мемлекет басшысының тапсырмалары мен мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін іске асыруға;
  2. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар аясында шығыстарды қайта бағыттауға;
  3. басқа жобалар мен бағдарламалар аясында шығыстарды қайта бағыттауға арналған.

2017 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 62,0 млрд. теңгеге азайтылды және 1 485,9 млрд. теңгені немесе ЖІӨ бағамының
2,9 пайызын құрайды.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.