Бизнес • 29 Қараша, 2017

Минскіде Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының Беларусь Республикасына жұмыс сапары аясында Минскіде Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті. 

Минскіде Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті

350-ге жуық бизнес өкілі қатысқан форум барысында Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастық пен оларды дамыту жолдары талқыланды. Сонымен қатар форум аясында екі мемлекеттің жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және тау-кен өндірісі, металлургия кәсіпорындары арасында екіжақты іскерлік кездесулер өтті. 

Бір айта кетерлігі, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде Беларусь Республикасының негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Былтыр екі ел арасында сауда айналымы 364,5 млн долларды құраса, биылғы жылдың алғашқы 8 айында бұл көрсеткші 375,6 млн долларға жетті. 

1996 жылдан бері Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Биылғы жылдың 21-22 қыркүйегінде Қарағандыда Комиссияның 13-ші отырысы өткен болатын. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

Минск (Беларусь Республикасы)