Ойыншыққа да ойлы көзқарас қажет

Бүгінгінің баласы шыбықты ат қылып мініп, асық ойнап, алыспайды. Қаладағысын айт­пағанда, ауылда өсіп жат­қан­дардың өзі көк жәшікті айна­л­соқтап, телефонға телміреді. Мұн­дайда төрт қабырғалы бөлмеден аттап шыға алмайтын қаланың баласын тіпті де аяп кететінің рас. Ашық ас­пан­ның астында асыр салып ойнай алмаған бала ерік­сіз мульт­фи­льм­дерді мүлт жібер­мей­ді, ойыншықтарды алданыш етеді. Бірақ бала ойыншықпен ой­нап жатқанда, біз – ата-ана бо­ла­шағымызбен ойнап жүреді екен­біз. Неге?

Егемен Қазақстан
07.02.2018 9761
2 Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңа тұр­патты жаңғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлт­тық кодың­ды сақтай білу... Егер жаң­ғыру елдің ұлттық-руха­ни тамы­рынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деген болатын. Ал біз бүгін­гі қоғам­ның жеткіншектерін жазғырудан бұрын, осы нәр­ді әу баста оларға сіңіре ал­дық па дегенді ойладық па? Ма­ман­дар бұған «жоқ» деп кесім­ді жауап айтып отыр. Бала­бақ­шадағы тәрбие мен шетел­дің мультфильмдерін былай қойғанда, бір ғана ойыншық арқылы біз бала­лардың санасын улап жатырмыз дегенді айтады психологтар мен ұлттық ойыншық шығарумен айналысып жүр­ген санаулы ұлтжанды бизнесмендер.

Абай Жетінші қара­сөзін­де: «Жас бала анадан туған­да екі түрлі мінез­бен туады... Біреуі – білсем екен де­мек­­лік. Не көрсе соған тал­п­ы­нып, жалт­ыр-жұлтыр ет­кен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы есті­геннің бәрін сұ­рап, тыныштық көр­мейді. Мұ­ның бәрі – жан құма­ры, білсем екен, көрсем екен, үйрен­сем екен деген», дейді. Бүгінгі күні баланың сол білсем екен деген қиялын шашы жалбырап, бет-аузынан қан аққан Чаки, құбыжық бейнесінде Фнаф, көзі аққан Мангл «қанаттандырып» жүр. Қазақ батырының бейнесін елестеткенді қойып, естіп те көрмеген бала «Өрмекші адам», «Бэтмен», «Супермен» болғысы келмей, қайтсін?!

     

Қазақы ойын­шықтардың жеті бірдей түрін шығарып жүрген «Жеті өнер.kz» ком­па­ниясының директоры Ерасыл Қасықбаев ойын­шық­тар­дың бала дамуы­на ерекше ықпал ететінін айтады. «Ойыншық – баланы уақыт­­ша алдайтын құрал ғана емес, ол танымдық дүние. Зиялы ұлт болып қалып­тасу үшін баланың интел­лектуалдық дамуына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни бала ең алдымен, саусақ ұшының сезуі арқылы өзі ұстап отыр­ған зат туралы түсінік қалып­тастырады. Қолдағы моторика мен сенсориканың дұрыс дамуы, логикасы мен есте ұстау қабі­летінің дамуына ықпал етеді. Өйткені мидағы осы ұсақ моторикаға жауап­ты орталық пен сөйлеу ор­та­лығы және интеллектуал­дық ор­талық үшеуі бір-біріне ж­ақын орналасқан. Демек осы­лардың біреуі дұрыс дамымаса, қалғандарының әре­кет етуіне кері әсер етеді», дейді Ерасыл Сәкенұлы.

Демек бала немен ойнаса, ертең соның «жолын қуады». Елімізде 2007 жылы 21 шілдеде қабылданған «Ойыншықтардың қауіп­сіздігі» туралы заң бар. Соған сай Білім және ғылым ми­нистрі 2008 жылы 10 мау­сым­да №337 бұйрық бо­­йынша ойын­шықтарды пе­да­гогикалық-пси­хология­­лық сараптамадан өткізу ере­же­сін шығарған болатын. Біз көтеріп отырған мәселені де осы құжат шешуі тиіс еді. Алайда, 2011 жылдың 15 шіл­­десіндегі Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының заңы­на енгізіл­ген өзгерістер мен то­лық­­тыру­­ларға сәйкес бұл сарап­таманың қажеттілігі алынып тас­талады. Көз түгіл, көң­ілді де қуантып үлгер­меген ұлт­тық стандарттың енді қайта қалпына келуі мүмкін бе?

Мұндай стандарттың өзге елдер шегелеп бекітіп те қойғаны анық. Дерек­терге сүйенсек, Германияда бала­лар ойыншығына жарты ғасырдан бері «Spiel gut» деген ұйым сараптама жүр­гізіліп келеді екен. Онда ойыншықтарды пси­хо­­ло­гиялық-педагогика­лық са­раптамадан өткізу де мін­деттелген көрінеді. Яғ­ни бұл белгі қойылмаған ойын­шықтар Гер­манияның базарына шығарылмайды.

«Шынымен де қазіргі кей ойын­шық­тар адамгершілікке, тіп­ті жара­тылысқа қайшы ке­леді. Сон­дықтан Қазақстан Еу­ра­зиялық эко­номикалық комиссия Кеден одағының бір­ыңғай аумағында жүзе­ге асырылатын ойын­шық­тардың пси­хологиялық-пед­а­­гогикалық қа­уіп­сіздік талаптарын белгілеу бо­йынша «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақ­тың техникалық рег­ламентіне өзге­рістер мен толық­­тырулар енгізу туралы ұсыныстарға бастамашылық етілген. Кеден одағында біздің бас­тамамызды жақ­таған ел көп бол­ғанымен, сарапшылардың пікірі әртүрлі болып жатыр. Мыса­лы, қазір шығып жатқан жыныс мүшелері айқын көрсе­тілген «пупсиктерді» бала тәр­биелеп отырған ана ретінде өз басым қол­дамаймын. Ал медицина жағындағы өкілдеріміз ол балаға репродуктивтік тәрбие бере­ді, сондықтан керек деген ой білдіреді. Қай елді алсақ та бала ойын­­­шық арқы­лы тәрбие­ле­неді. Ойын­шық баланың пси­хи­касына, тұлға болып қа­лып­тасуына, таным-түсіні­гі­не үлкен әсерін тигіз­бей қой­майды. Дүниежүзілік тә­жі­ри­беге қарай отырып, ойын­шық­тарға «ұсынылған» және «ұсы­нылмаған» деген белгіні ата-аналарға көмек ретінде ұсынған дұрыс», деген Білім және ғылым министрлігі Бала­лардың құқықтарын қорғау комитеті Адамгершілік рухани құндылықтарды нығайту және ақпараттық сүйемелдеу  басқармасының басшысы Гүлнаш Қошқарова мәселенің тек заңмен реттеу арқылы ғана шешілмейтінін айтады.

Оның айтуынша ойын­шық­тың ең алғаш­қы сарапшысы ата-ана болуы қажет. «Балаға ойын­шық таңдауда ата-ана­лардың сауаттылық танытып, жауап­кершілікпен қара­ғаны дұрыс. Материалдық тұрғыда заттың сапасына ғана көңіл бөліп қоймай, әр ойыншық ба­лама қалай әсер етеді, қандай тәрбиелік мәні бар ден­саулығына және психи­калық дамуына зиян келтірмес пе екен дегенді де ескеруі дұрыс деп ойлаймын. Ал сол ата-аналарды ақпараттандырумен жұмыс жасайтындар біз бен сіздер. Аталған мәсе­ле тек мемлекеттік мекеме­лердің ғана емес, жалпы халықтың, қоғамның бірле­сіп қарастыратын ортақ мәсе­­лесі екені белгілі. Осы тұрғыда ата-аналар ойын­шық таңдауда ұлт­тық дүниетанымымызға жат ойын­шықтарды емес, тәрбиелік мәні бар ойыншық­тарға көңіл бөліп, сұра­ныс тудырса, аталған мәселе бір­шама реттелері сөзсіз», деген Гүл­наш Ха­мит­қызы елі­мізде ұлттық ойын­шық­тар жа­сайтындардың аз екенін, ал шы­ғып жатқан ойын­­шықтардың қал­таны қаға­тынын айтады.

Шынында да, Қазақстанда ұлттық ойыншықтар шы­ға­ратын кәсіпкерлер аз. Онымен қоймай олар сұра­нысты толықтай қа­нағаттандырып отыр­ған жоқ. Біз жоғарыда айтқан «Же­ті өнер.kz» компаниясының өндіріс­­тік қауқары айына 2 млн теңгенің ойыншығын шы­ғаруға ғана жетіп отыр. Тек ағаштан, сапалы түрлі-түс­ті бояуларды пайдаланып ойын­шық өндіретін цех үшін бұл аздық етері сөзсіз. Соған қарамастан, ал­да­ғы уа­қытта «Жеті өнер.kz» ком­па­ниясының негізін қалаушы, «Жеті ойын­шық» жобасының авторы Сәкен Болысов күніне 7-8 млн теңгенің өнімін өндіруді жоспарлап отырғанын айтады. «Негізінде мен ағаштан ұлт­тық аспаптар жасайтын ше­бермін. 2010 жылдан бері ойын­шық­тар жасауды қолға ала бастадым. «Жеті ойыншықтың» негізгілерінің бірі – ағаштан жа­салған, құрастырмалы киіз үй мен домбыра. Баланың тіліне жеңіл болу үшін құрас­ты­рудың барысын өлең жол­дарымен келтіріп, қосымша түсін­дірме кітапшасын да шы­ғардық. Осыған ұқсас ма­ғыналы оюлар деп аталатын, 70 түрлі бөлшектен құра­ла­тын сырмақтар мен текемет­тер бар. Ұлттық саз аспап­тары­ның балаларға арналып жасалған түрін де осы жобаға жатқызамыз», дейді С.Болысов.

Бұдан бөлек елімізде тек қа­зақ тілінде ертегі оқып, ән айтатын электронды ойыншықтар да шығып жатыр. Кәсіпкер Ға­лым­бек Қызырбекұлы шы­ғаратын «Электронды киіз үйде» балаларға арналған 1200 шы­ғарма жинақталса, Қанатхан Әбілғалиұлы мен Жанар Сай­лаубекқызы бірлесіп өндіріп жатқан «Ақылды қоянда» 3000-нан аса, «Ақылды қаламда» 2500-дей балалар қазынасы қам­тылғаны көңілге қуаныш ұялатады.

«Бала тәрбиесі – өнер. Өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Бала тар ойлы, ақымақ болса бала кінәлі емес. Тәрбиеші  кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса бала айыпты емес. Тәрбиеші жазалы» демей ме Мағжан Жұмабаев! Бүгін біз балаларымызды батыстық барбилермен алдасақ, ертеңгі ұрпақ бізді қартайған шағымызда қарттар үйіне сүйремесіне кім кепіл?!

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу