Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп жазады «Астана Ақшамы» газеті. Осы аптада қалалық ономастикалық комиссия бұл атауды талқылап, бекітті. 

Егемен Қазақстан
25.02.2018 7071
2

Республикалық ономастикалық комиссия қалалық комиссия шешімін өзгертпей, өз отырысының хаттамасын әкімдікке жіберді. Кеше өткен қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Астана мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов осылай деп хабарлады. Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелердің бірі Астана қаласының шекараларын белгілеуге қатысты болды. Онымен Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев таныстырды. «Соңғы бес жылда Астана халқының саны 35 пайызға ұлғайып, 645 мың адамнан 1 млн 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 мыңнан астам гектар қосылды. Бұл - Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, көлік жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады» деді баяндамашы. Оның айтуынша, төртінші ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады. Жалпы алғанда, қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, соның ішінде жаңа аудан 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Қоғамдық кеңес отырысында, сондай-ақ, Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасы талқыланды. Жобаны қалалық Табиғи ресурстер және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге Қазақстанның экологиялық ұйым­дары ассоциациясы әзірледі. Аталмыш ассоциация төрайымы Айгүл Соловьева кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді. Бұл жобаға сәйкес, Промышленный тұрғын алабын 2-ЖЭО-дан келетін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. А.Соловьеваның сөзінше, алайда бұл елді мекеннің бүкіл тұрғындарын орталықтан берілетін жылумен қамту әзірге мүмкін емес. Тек бір автономды қазандықты тұтынушылар ғана орталық жылу жүйесіне қосылады. Сол кезде қазандық жойылады. Соның өзінде ауаға таралатын зиянды қалдықтар едәуір азаятын көрінеді. Мәселен, «Астана Энергия» АҚ-тың қоршаған ортаны қорғау зертханасының меңгерушісі Наталья Мухинаның айтуынша, қалдықтар 17 тоннаға кемиді.

Отырыста, бұған қоса, қала экологиясы, елордаға газ тарту мәселесі, оның тиімділігі туралы біраз айтылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың бірқатар нысандары сұйытылған газбен жылытыла бастады. Алдағы жылдары Қызылордадан құбыр бері қарай тартылып, Қарағанды арқылы табиғи газ да келуі тиіс. Осының қайсысы арзандау болады? Кеңес мүшелерінің пікірінше, айтқандай айырмашылық бай­қалмайды. Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тартылмақ. Қо­ғамдық кеңес бұл жобаны бекітті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу