Алмас Өтешов неге өкпелі?

Алмас Өтешовтің ел спорты тарихында өшпес із қалдырғаны еш дау туғызбаса керек. Ол ауыр атлетиканы серік еткен қандастарымыздың арасынан алғашқы болып әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болған тұңғыш қазақ зілтеміршісі.

Егемен Қазақстан
02.04.2018 12919
2

 Ол – жастар арасында Азия чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы қандасымыз. Осылай тізбектей берсек, Сыр бойында туып-өскен саңлақтың бұл салада бағындырған белестері орасан екеніне анық көз жеткізуге болады.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Екпінді елді мекенінде дүниеге келген Алмас Өтешовтің спорттық мансабы қазақ күресінен бас-
талды. Өз құрыптас балалармен алысып-жұлысып жүріп, төл өнеріміздің қыр-сырын біраз меңгерді. 2002 жылы облыс орталығына келіп, спорт мектебіне оқуға түсті. Бірақ ол жерде қазақ күресі үйірмесі болмағандықтан, еріксіз ауыр атлетиканы таңдауына тура келді. Асқар Меңдияров пен Ғалым Сиқымов сынды жас мамандардан тәлім-тәрбие алған тастүлек шеберлігі шындала келе, талай таланттың тома­ғасын сыпырған даңқты бапкер Вилорий Пактың қол астына өтті. Сол кезден бастап Қызылорда облысы денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев мырза дарынды жасты өз қамқорлығына алды.

Алмас айтады: Сол кездері Қызыл­ордада ауыр атлетикаға қызығушылық жоғары болатын. Алдымыздағы ағаларымыз халықаралық аренада атой салса, олардың ізін басып келе жат­қан жас өрендердің де қарқыны керемет еді. Мен мемлекетіміздің мақтанышына айналған Илья Ильинмен бір залда жаттықтым. Одан бөлек, сол залда Қуаныш Рахатов, Роман Русяновский, Жеңіс пен Айбол Алдабергеновтер, Дәурен Шауетеев сынды сайыпқырандар болды. Барлығымыз жаттығу залында аянбай тер төктік. Міне, осындай ерен еңбек, табандылық, шынайы бәсекелестіктің арқасында шеберлігіміз күн санап өсті.

Өз қатарының алды болған Алмас араға төрт жыл салып, Қазақстан ұлттық құра­масы сапына қабылданды. 2006 жылы Дохада алауы тұтанған Азия ойындарына қатысып, үлкен тәжірибе мектебінен өтті.

2008 жылы Оңтүстік Кореяның Ченджу қаласында өткен жастар арасын­дағы Азия біріншілігінде Алмасқа тең келер ешкім табылмады. Өз қатарластары арасында алтын тұғырға көтерілген жігіттің үлкен спорттағы жеңісті жолы осылай басталды. Сол жылы Каназавада және келесі жылы Талдықорғанда өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Алмас Өтешов қола медальді мойнына іліп, барша қазақ жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Сыр бойынан келген сайыпқыран сары құрлықтың басты додасында мықтылар санатына қосылғанымен, әлем чемпионатында  жеңіс тұғырына көтерілу бақыты оған біразға дейін бұйырмады. 2010 жылы Анталия және 2011 жылы Парижде өткен дүниежүзілік додаларда Алмастың асығы алшысынан түспеді.

Алмас айтады: Мен өнер көрсеткен 94 кило салмақ дәрежесінде кіл мық­ты­лар жиналғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Елішілік жарыстардың өзінде бәсекелестік деңгейі өте жоғары болды. Бір ғана Илья Ильиннің өзі неге тұрады?! Оған ешқайсымыз бәсе­келес бола алмадық. Ильядан бөлек, әлем және Азия чемпионы, Бейжің Олим­пиадасында төртінші орынға та­бан тіреген Владимир Седов бар. Әлем­дік деңгейдегі жарыстардың жолдама­сына иелік ету үшін көбіне-көп сол екеу­міз таласатынбыз. Жарысқа небары 10 күн қалғанда «жаға жыртысу» басталатын. Әлем чемпионаты және Олимпия ойындары қарсаңында оны үнемі ұтып жүрдім. Соның арқасында жауапты жарыстарға көбіне-көп мен қатысатынмын. Бірақ Седовпен айқасқаннан соң көп күшім сарқылатын. Соның салдарынан дүниежүзілік додаларда біразға дейін кеңінен көсіле алмадым.

2012 жылы елішілік жарыста бас­ты қарсыласы Владимир Седовтан десі басым болған Алмас Өтешов Лондон Олимпиадасында Қазақ елі намысын  қорғау құрметіне ие болды. 94 кило салмақ­та сынға түскен қандасымыз төрт­жыл­дықтың басты додасын 7-орынмен қорытындылады. Тұманды Альбион елінде оның еңсерген салмағы – 395 (175+220) кило. Ал бұл жарыстың бас жүлдесі Алмастың құрдасы, жерлесі әрі досы Илья Ильинге бұйырды.

Лондон Олимпиадасында үздік жеті спортшының қатарына қосылған жас жігіттің бойында өз-өзіне деген үлкен сенім пайда болды. 2013 жылы Польшаның Вроцлав қаласында өткен әлем чемпионатында Алмас 397 (175+222) килолық нәтижемен күміс медальді олжалады. Қазақтың нар тұлғалы азаматының алдын Ресейдің мақтанышы Александр Иванов қана орай алды. Қола медальді Владимир Седов иеле­нді. Осылайша, Алмастың есімі әлем чемпионатында жүлде ал­ған тұңғыш қазақ зілтеміршісі ретін­де спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды.

Жоғарыдағы табысының кез­дейсоқ еместігін Өтешов 2015 жы­лы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында тайға таңба басқандай етіп дәлелдеді. Алыс­тағы Америкада күміс медальді кеу­де­сінде қайта жарқыратты. Осындай биік белестерді бағындырғаннан кейін Өтешов 2016 жылы Риода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілуді көздеді. Бірақ Бразилияға бару бақыты оған бұйырмады. Қазақстанның бір топ ауыр атлеті «допинг қолданды» деп айыпталып, олар ғаламдық додадан шет қалды. Солардың арасында Алмас та бар еді...

Алмас айтады: Екі бірдей әлем чемпионатында жүлде алған­нан кейін өз-өзіме деген сенімім күшейе түсті. Сол аралықта Азия ойындарында  күміс медальді мойныма тақтым. Содан барлығымыз жатпай-тұрмай Олимпиадаға даярландық. Риодағы жарыс қарсаңында Жасұлан Қыдырбаев екеуміз нағыз бабымызда едік. Ғаламдық доданың бас жүлдесі қос қазақтың біреуіне бұйыратынына кәміл сендік. Бірақ қапияда Қазақстанның бір топ ауыр атлетіне «допинг қолданды» деген айып тағылды. Бұл жаңалық баршамызға жай түскендей әсер етті. Өзіміз­дің әділдігімізді дәлелдеу үшін халықаралық сотқа да жүгіндік. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Осылайша, спорт саласының басы-қасында жүрген арамзалар ұйымдастырған қитұрқы ойындардың құрбаны болдық. Ең бастысы, біз допинг қолданған жоқпыз! Бұл сөзді Илья Ильин де, Жасұлан Қыдырбаев та, мен де нық сеніммен айта аламыз.

Иә, Алмастың сөзінің жаны бар. Қос қазақ Бразилияға бірге аттанғанда, екеуінің де бұл сапардан олжасыз оралмайтыны анық еді. Олай деуге негіз, Олимпиада ойындарында 94 кило салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар мынадай нәтиже көрсетті:

1. Сохрад Муради (Иран) – 403 (182+221) кило

2. Вадим Стрельцов (Беларусь) – 395 (175+220) кило

3. Ауримас Диджбалис (Литва) – 392 (177+215) кило

Салыстырмалы түрде алсақ, Жасұлан Қыдырбаев 2014 жылғы әлем чемпионатында 408 (179+229) килоны еңсерді. Алматыда ол алтын тұғырдан қол бұлғады. 2015 жылғы әлем чемпионатында Жасұлан 399 (178+221) килолық нәтижемен қола алса, Алмас 402 (172+230) килолық көрсеткішпен күміс медальді иеленді. Осы деректің өзінен-ақ, Рио Олимпиадасында екінші және үшінші орын алған спортшылардың біздің жігіттерден біраз қалып қоятынын аңғару қиын емес. Сол секілді чемпиондық тәждің иегері Сохрад Мурадидің де көр­сет­кіші анау айтқандай керемет емес. Парсы елі өкілін тұғырдан тайдыруға қос қандасымыздың күш-жігері анық жететін еді...

Алмас айтады: Допинг дауына ілікеннен кейін көптеген қиындыққа тап болдық. Мемлекет тарапынан алатын стипендиядан қағылдық. Еңбекақыдан айырылдық. Ол аздай, дәуіріміз жүріп тұрған шақта арқамыздан қағып, мақтау сөздерін айтқан ағаларымыздың біразы теріс айналды. Дос-жарандар да азайды. Бір сөзбен айтсақ, тұрмыс тауқыметін біраз тарттық. Қиналған сәтте Шалқар Тәліпов пен Мұрат Өмірбек сынды кәсіпкер ағаларым қолдау көрсетті. Өзім былтыр Алматыға қоныс аударып, Қазақтың Спорт және туризм академиясы және республикалық спорт колледжіне жұмысқа орналастым. Бүгінгі таңда сол жерлерде жастарды ауыр атлетикаға баулып жүрмін. Бірақ сүйікті ісімнен түбегейлі қол үзгенім жоқ. Келесі жылы мен үшін үлкен спорттан шеттетілу мерзімі аяқталады. Сол кезде спорттық аренаға қайта ораламын. Мақсатым – Токио төрінде топ жару. 2020 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілу үшін еш аянып қалмаймын. Оған күш-жігерімнің жететініне сенімдімін.  

Міне, Алмас Өтешовтің басынан осындай оқиғалар өтті. Барша Алаш жұрты әлем чемпионатында жүлде алған тұңғыш қазақ ауыр атлетінің Олим­пия ойындарында да атой салатынына қатты сенді. Бірақ содыр саясаттың спорт­қа салқыны тиді. Соның салдарынан саңлақтарымыздың бағы байланды. Бірақ біздің жігіттердің сағы сынған жоқ. Мәселен, Алмас «Токиода атой саламын!» деп құлшынып отыр. Сол сенім, сол сезім қазақтың қара баласын жаңа биіктерге жетелесе игі...

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.10.2018

ІІМ:1 қаңтардан тіркелмеген телефонға байланыс қызметі көрсетілмейді

22.10.2018

Алматыда жасөспірімдерге арналған футбол орталығы ашылды

22.10.2018

Талдықорғанда «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» атты дебат өтті

22.10.2018

7-20-25: Қазақстанда 2,5 мыңнан астам өтінім мақұлданды

22.10.2018

Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар бекітілді

22.10.2018

Түркі әлемі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығын тойлады

22.10.2018

АҚШ-тың Сауда министрі Уилбер Росс Қазақстанға келе жатыр

22.10.2018

Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді

22.10.2018

Ақтауда «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілді

22.10.2018

Павлодарда дәмханалардың жұмысын түнгі 11-ге дейін қысқарту ұсынылды

22.10.2018

Оралда жазушы Хамза Есенжановқа ескерткіш орнатылды

22.10.2018

Парламент депутаттары Оралда үш ауысымда оқытатын мектепте болды

22.10.2018

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды

22.10.2018

«Мигранттар керуені» Мексикаға бет алды

22.10.2018

Өнер жұлдыздары «Денсаулық елшісі» атанды

22.10.2018

23-25 қазан: Жылы және жауын-шашынсыз

22.10.2018

Маңғыстау облысы толықтай цифрлық телевизияға қосылды

22.10.2018

eGov.kz порталында онлайн режимінде «тіркеу кітабы» жүзеге асты

22.10.2018

Солтүстік Қазақстанда азық-түлік пен ақылы қызметтер қымбаттаған

22.10.2018

Ескек есуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль еншіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу