Алматыда білім беру ресурстарын жаңғыртуға арналған халықаралық конференция өтті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз орталығы.

Егемен Қазақстан
27.04.2018 4008
2

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қыздар Университетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған басқосуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен кітап баспаларының басшылары қатысты.

Конференцияны «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова ашып, жүргізіп отырды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова басқосудың мәні мен маңызы турасында баяндап, оның білім беру ресурстарын жаңғыртудағы рөлін кеңінен атап өтті.

– Әлемдік өркениеттің негізгі қозғаушы күші білім екені баршаға  белгілі ақиқат. Ғылымға қол жеткізу, оның жетістіктерін қоғамдық өмірге, елдің игілігіне пайдалану, білімді де парасатты ұрпақ тәрбиелеу халқымыздың қашаннан бергі басты мақсаты болды. Бүгінгі бәсеке заманында ғылым мен технологияны жетілдірмей, шын мәнісінде тәуелсіз ел болу мүмкін емес. Өйткені, ғылым – адамзат өмірінің ең шешуші факторына айналып отыр. Елдің шаруашылығын, мәдениетін, оның қорғаныс қабілетін жан-жақты дамыған ғылым ғана қамтамасыз ете алады. «Жақсы оқулық – ұлттың игілігі, рухани құндылығы». Оқулық даярлау ісіне қазір ұлттық сипат, мемлекеттік маңыз беріліп отыр. Оқулық құрастыруда жаңа технологияны орынды пайдалану – студенттің жан-жақты құзыреттілігін дамытуға, шығармашылық, сыни  ойлау қабілеттерін қалыптастыруға  бағыт береді. Білім берудің ұлттық моделіне өту инновациялық педагогикалық технологияларды игеруді қажет етеді, ал инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі мен білігі, зияткерлік қабілеті. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының шарты – оқу процесі мен оған қажетті материалдарды үнемі жаңалау, жаңғырту, – деді Г. Алдамбергенова.

Сонымен қатар, конференцияның пленарлық мәжілісінде Англияның «Foxton books» баспасының басшысы Юсуф Вуз «Көптілді білім беру және ағылшын тілді оқулықтарда мәтінді деңгейлеп беру маңыздылығы», Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жылбаев «Білім беру мазмұнын жаңғырту – қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап ретінде», Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Маханбет Джусупов «Кирилл әліпбиінің қызмет ету жағдайында латын әліпбиіне көшу», Венгрияның «Mozaik Education» баспасының бас директорының орынбасары  Петер Торок «Mozabook» цифрлық білім беру платформасы» тақырыптарында баяндама жасады.

Конференция жұмысы «Заманауи білім беру ортасы және педагог кадрларды даярлау», «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ресурстарын әртараптандыру және оқу әдебиеттерін әзірлеу мен сапасын бағалаудың жаңа тәсілдемелері», «Білім беру ресурстарын цифрландыру – жаңа білім мен үздік білім беру тәжірибелерін меңгерудің даңғыл жолы», «Оқу әдебиеттерін латын әліпбиіне көшірудің әдістемелік мәселелері» және «Үш тілді оқыту жүйесіне көшу жағдайында оқу басылымдарын әзірлеу: тәжірибе және болашағы» атты секция жұмыстарында жалғасты. Онда оқулық авторлары тақырып төңірегінде өзіндік ойларын айтып, пайымды пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар жиын шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары авторларымен қатысуымен дөңгелек үстел, шеберлік сыныптары өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу