Қазақстан • 13 Мамыр, 2018

Рамазан айының жаңа кестесі жарияланды

6698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы уақытының өзгеруі себепті намаз кестесінің жаңа нұсқасын жариялады.

Рамазан айының жаңа кестесі жарияланды

Маусымның 10-нан 11-не қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Айта кетейік, кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айының қай күні басталатынын ресми жария еткен болатын.

Астана қаласы үшін 2018 жылғы (хижра 1439) Ораза 2018 кестесі 

 

Алматы қаласы үшін 2018 жылғы (хижра 1439) Ораза 2018 кестесі