Талант, тәрбие және талғам туралы

Осыдан он жыл бұрын елорданың алғашқы мерейлі датасы дүбірлеген тоймен аталып өткені әлі есімізде. Төр қаланың туған күнінде аты аңызға айналған үш тенордың бірі – Пласидо Доминго Тәуелсіздік сарайында концерт берген-ді. 

Егемен Қазақстан
08.06.2018 156
2

Оған дейін қаптаған поп-жұлдыздарды айтпағанда, Монсеррат Кабалье, Дмитрий Хворостовский сынды классикалық музы­каның майталмандары да Астананың аспанын талай мәрте әнге бөлеген. Деген­мен, ұлы испан әншісінің концерті ерекше өтті, қала халқы көпке дейін қала күнін Пласидо Домингоның есімімен байланыстырып жүрді.

Біз бұл жолы Домингоның концерті емес, концерт алдындағы баспасөз мәс­лихаты туралы, дәлірек айтқанда, бір сауалға берген жауабы туралы айтқымыз келіп отыр. Тенор Тәуелсіздік сарайының табал­дырығынан аттамастан бір сағат бұрын ұйымдастырушылар журналистерді аты мәшһүр мейманның алдында ұялы теле­фондардың дыбысын өшіру, сұхбат кезінде фотоаппараттардың жарқылын бәсеңдету, әншіге бес қадам жерде сызылған қызыл сызықтан аттап кетпеу... деген сынды бұрыннан белгілі ережелерді бірнеше рет қайталап түсіндірді. Маэстроның атақ-даңқы соған мәжбүрлесе керек. 

Сонымен сеньор Доминго межеленген уақыттан бір минут та кешікпей мәслихатқа келіп жетті. Қарапайым қалпынан танбай, журналистермен емен-жарқын есендесіп, сұрақтарға жан-жақты жауап беруге көшті. Астана күнімен құттықтауды да ұмытқан жоқ.

Осы кездесуде әріптестеріміздің бірі аты аңызға айналған әншіден поп-музыкаға қатысты пікірін сұраған. Шыны керек, классикалық музыка тарландарының эстрада әшекейлерінің өнерін жоққа шығарып, іске алғысыз етіп тастайтынына бұрын жиі куә болып жүргенбіз. Ал Домингоның сөзінен ондай астамшылықты байқамадық. Керісінше, өнерге шын берілген адамдардың еңбегіне ерекше құрметпен қарайтыны сезіліп тұрды. 
– Мен «Битлз», Мадонна, «U2» сияқты ұлы әншілер мен топтардың өнеріне ғашық жандарға түсіністікпен қараймын. Себебі олар шын мәнісінде талантты әртістер. Бүгін бар, ертең жоқ әншілерді мен танып үлгермеуім мүмкін. Ал ұзақ жыл бойы көрермен көңілін жаулап келген адамдарға құрметпен қараймын,– деді ол. 

Поп-музыканың королі Майкл Джек­сонға қатысты көзқарасы да ерекше екен. 

– Майкл Джексон – поп-музыкадағы ең ұлы әртістердің бірі. Оның дауысы өте жақсы болатын. Ал сахнадағы шебер қимылын енді ешкім қайталай алмайтын шығар. Ол ғажап билейтін. Меніңше, Майкл Джексонды Рудольф Нуриев, Михаил Барышников сияқты ұлы бишілермен бір қатарға қоюға әбден болады. Сөз жоқ, ол ерекше дарынды адам еді,– деді поп-музыка королінің талантына таңғалысын жасыра алмай. 

Баспасөз мәслихатынан кейін Доминго­ның кішіпейіл жауабына журналистер риза болысып жатқанын байқадық. 

Виртуоз скрипкашы, әлемнің ең әйгілі сарайларында концерт берген, ең атақты дыбыс жазу студияларында классикалық туындыларды жазуға оркестрге дирижерлік жасаған жерлесіміз Марат Бисенғалиевтен ертеректе сұхбат алғанымыз бар. Скрип­кашының қызы Арухан әкесінің жолын қуып музыкант болғанымен, басқа жанрды таңдапты. Джаз жанрындағы жеке ән дискін де шығарған. 

– Әр адам жүрегі қалаған іспен шұғыл­данғанда ғана жоғары нәтижеге қол жеткі­зеді. Аруханның таңдаған бағытына дұрыс қараймын. Жалпы, джаз, поп, хип-хоп сынды жанрындағы музыканттардың қай-қайсысына құрметпен қараймын, сапалы туындыларды сүйсініп тыңдаймын,– дейді Марат Бисенғалиев. 

Жалпы, дүние жүзінде жұртшылық қызыға талқылайтын тренд тақырыптардың көпшілігі шоу-бизнестің төңірегінен өрби­тіні мәлім. Басқа елдердегі үдерістерді тез үйренетін біздің халыққа да бұл әдет жұқ­қанына талай жылдың жүзі болды. Кейде көргені көп, түйгені мол дейтін аға буын әншілеріміздің арасында, танымал эстрада әншілерін жоққа шығарып, сынап-мінеп жататындар кездесіп қалады. Сынның мәдениетті тілмей, берік аргументке сүйеніп айтылуы шарт емес. Ол айтты – бітті, себе­бі, классикалық өнердің өкілі. Сөйтіп «хайп­тың» көрігі қызып сала береді дейсіз. Атақ­ты әншіге әлгі жас ән­шінің өзі немесе продюсері жауап береді, оған екі тараптың «фанаттары» араласады, қып-қызыл дау-дамай біразға дейін толас­тамайды. 

Сондайда еске ұлы әнші Пласидо До­мин­го­ның, виртуоз скрипкашы Марат Бисенғалиевтің жоғарыдағы пікірлері ойға оралады. Кейде көпшілікке өрелі ой айтып, дұрыс бағыт нұсқау үшін талантты болу, атақты болу аздық ететін сияқты. Талантты тұлғаның бойынан тәрбие, талғам, төзімділік деген қасиеттердің де табылғанына не жетсін!.. 

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Жаңақала мен Қазталов ауданы тұрғындары таза суға қол жеткізді

16.10.2018

Қаржы министрлігі инвесторлардың жекешелендірілген нысандар бойынша міндеттемелерін орындауын бақылайтын болады

16.10.2018

Б. Сағынтаев «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды

16.10.2018

Қарсыластар арасында осалы жоқ

16.10.2018

Шабуылда Щеткин жоқ

16.10.2018

Алматыда Ингмар Бергманның мемориалдық көрмесі өтуде

16.10.2018

11 қазақ футболшысы алаңға шығады

16.10.2018

Маңғыстауда «7 -20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

16.10.2018

Мемлекет басшысы Энергия тиімділігі орталығына барды

16.10.2018

Аралда пластикалық қайық жасалады

16.10.2018

Өскеменде Әміре Қашаубаев атындағы республикалық фестиваль өтеді

16.10.2018

Алматыда алма музейі ашылды

16.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Әсем» білім беру және таным орталығына барды

16.10.2018

Мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

16.10.2018

Маңғыстау облысы 2018 жылға 464 миллиард теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

16.10.2018

Қазақстан Ардагерлер кеңесі Бурабайда бас қосты

16.10.2018

Спорттың жекпе-жек түрлері бойынша конфедерация кубогының іріктеу туры өтті

16.10.2018

Кашемирді күтіп киіңіз

16.10.2018

Қыз-келіншектерді маммологке тегін тексерілуге шақырады

16.10.2018

Жасанды сұлулық жан азабына айналмасын

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу