Үкіметте Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018–2020 жылдарға арналған Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қаралып, қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz

Егемен Қазақстан
26.06.2018 2200
2

 

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қазақстанда соңғы 10 жылда өлім көрсеткішінің 28,5%-ке төмендеу тенденциясы байқалғанын айтты. Онкологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша іске асырылып жатқан шараларға қарамастан бірқатар ашық мәселелер сақталуда.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын орындау аясында қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету мақсатында ҚР онкологиялық аурулармен күрес бойынша 2018–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Кешенді жоспардың негізгі міндеттері:

профилактиканы дамыту және қауіп факторларын басқару;

онкологиялық аурулардың жоғары тиімді ерте диагностикасы;

онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу;

онкологиялық көмекті цифрландыруды, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту.

Е. Біртановтың мәлімдеуінше, Кешенді жоспар аясында Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру көзделген. Орталықтың негізгі міндеттері — халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық көмек көрсету, онкология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, профилактиканың, ерте диагностика қоюдың және емдеудің дербестендірілген әдістерін әзірлеу және енгізу болады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медицина жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда ҚР ДСМ әлеуетті инвесторлармен бірлесіп Кешенді жоспар аясында МЖӘ жобаларын іске асыру үшін оңтайлы модельдер мен схемаларды әзірлеуде.

«Кешенді жоспарды іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылатын болады. Осы мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің механизмдерін пайдалана отырып, 149 бірлік жабдық сатып алу жоспарланып отыр. МЖӘ жобаларының болжамды сомасы 40 млрд астам теңгені құрайды», — деді денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі медицинада IBM Watson for Oncology  жасанды зердені енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл платформа онкологтарға дәлелді медицина негізінде емдеудің жеке әдістерін, онкологиялық сараптамаға және шетелдік медициналық әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін Кешенді жоспарға жасанды зердені одан әрі енгізу жөніндегі қосымша іс-шаралар енгізілетін болады. 

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде ЭЫДҰ жетекші елдерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді, атап айтқанда:

жатыр мойны обырының скринингі кезінде обыралды жай-күйді анықтауды 2022 жылға қарай 0,6%-ке дейін және колоректалдық обырды 23%-ке дейін ұлғайту;  

онкологиялық аурулардың бастапқы сатыларын анықтауды 33,5%-ке дейін арттыру. Атап айтқанда, жатыр мойны обырының бастапқы деңгейін 65%-ке дейін, сүт безі обырының бастапқы деңгейін 45%-ке дейін, колоректалдық обырдың бастапқы деңгейін 25%-ке арттыру;

обырдың асқынған нысандарын 7,2%-ке дейін төмендету;

онкологиялық науқастардың 5 жылдық өміршеңдігін 60%-ке дейін ұлғайту.

Кешенді жоспар жобасы және онкологиялық көмекті цифрландыру барысы туралы Алматы онкология және радиология ҒЗИ директоры Д. Қайдарова баяндады. Оның айтуынша, жобаны іске асыру аясында медициналық ұйымдарды заманауи цифрлық технологиялармен (мамолографтар, колоноскоптар және т.б.) жабдықтау жоспарланған. Емделуші мониторингін стандарттауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер біріктіріледі. Кадр ресурстарын дамыту, клиникаға дейінгі зерттеу орталығы мен ісік геномының зертханасын құру жоспарланып отыр. ҒЗИ директорының айтуынша, аталған іс-шараларды жүзеге асыру онкологиялық көмекті түбегейлі жаңа деңгейге шығаруға жол ашады.

Әлемде жыл сайын онкологиялық аурулардан зардап шеккендердің саны өсуде. Ауру әрбір алтыншы өлімнің себебіне айналуда. Ең жиі кездесетін проблема — аурудың соңғы сатыларында жүгіну және анықтау, тиісінше, бұндай жағдайда емдеу тиімділігі төмен болады.

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов өңірлерде онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауды жақсарту және тиісті инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ақтауда 100 орынға арналған диспансер салу мәселесі пысықталуда. Алматы облысында 2 онкологиялық диспансер жұмыс істейді, 46 дәрігер емделушілерді тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Павлодар облысында уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 200 орындық жаңа онкологиялық диспансер салынды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу