Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Қостанайлық бүлдіршіндер Араб әмірліктерінен жүлделі оралды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық 6- 8 жас аралығындағы 5 бүлдіршін  Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ментальді арифметикадан өткен халықаралық олимпиададан жүлделі оралды. 

Қостанайлық бүлдіршіндер Араб әмірліктерінен жүлделі оралды

Олимпиадаға 10 елдің 24 мектебінен 350-ден аса оқушылар жиналды. Қостанай қаласындағы  Жылдам оқу және  балалардың интеллектін дамыту мектебінде  ментальдық арифметикамен  айналысатын 5 бала бағын сынап көруге Дубайға жолға шыққан болатын.

– Біздің балалар шетінен дарынды. Олар  облыс орталығындағы ең  озат мектептерге барады. Ал біздің мектепке оларды ата-аналары  баланы одан әрі дамыту үшін берген болатын, – дейді мектеп мұғалімі Шолпан Нұрқанова.

Олимпиадаға барған Азат Қожахметов,  Богдан Тен, Дария Шумурова,  Томирис Кален,  Злата  Кониенко бүлдіршін болса да өздерінің ұстамдылығымен, тапсырманы еркін білуімен таңқалдарды.  Олар өз категорияларында  сынға түсіп,  жер шарының әр шалғайынан келген құрбыларынан әлдеқайда басымдық танытты. Барлығы да категориялар бойынша екінші орынды жеңіп алды.

– 350 баланың ішінен екінші орын алу деген сөз біздің оқушылар үшін зор жетістік. Алдағы уақытта  өзге де осындай  үлкен жарыстарға дайындаламыз. «Ментальдық арифметика балаға ешнәрсе бермейді» деген піріклерді естіп қаламыз. Бұл баланың жадын жаттықтырады, дамытады, – дейді Шолпан.

Жүлдегегерлердің ата-аналары алыс жолға кішкентай балапандарын жіберуге жүрексініп, өздері оларға демеушілік жасап, еріп барды. Ал жаттықтырушыны мектеп  жіберген.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай